Кәсіпкер Тұрсынғали Алагөзов өзін жары Баянмен таныстырған әйелді көрсетті. Ол Сұлтанат Маратқызы есімді танысына алғысын жаудырды, деп жазады Stan.kz тілшісі.

“Қымбатты, сұлу да ақылды Сұлтанат Маратқызы. Туған күніңмен! Саған бақыт, адал достар, денсаулық пен бар жақсылықты тілеймін. Мені Баянмен таныстырғаның үшін ерекше алғыс. Сені жақсы көреміз”, – дейді кәсіпкер.

Естеріңізде болса, Баян Мақсатқызы Тұрсынғали Алагөзовпен іскерлік кездесу кезінде танысқанын айтқан еді. Продюсердің сөзіне сенсек, кәсіпкер кино түсіруді ойға алып, осы салада тәжірибесі бар адамды іздеген.

Бөлісу:


Загрузка...