Олжас Сүлейменовтің жол апатынан қаза болған немересі Ескендір Сүлейменов жайлы құрбысы айтып берді.

Құрбысы Маликаның айтуынша, Ескендір күзде үйленбекші болған, деп хабарлайды Sputnik. 

Сол кезде 27 жасқа толған туған күнін де атап өтпек болыпты. Отбасында үш бала. Әпкесі мен қарындасы бар. Ескендір Олжас Сүлейменовтің жалғыз ұл немересі болғандықтан атасы оған тегін берген.

Ескендір  Италияда мектеп бітіріп, екі жоғары білім алған. Ағылшын, француз, итальян және орыс тілін білді. Астанаға бір жыл бұрын келіп, мансап құрмақ болды.

«Ол мен білетін ең керемет жандардың бірі еді. Ішімдік ішпейтін, темекі шекпейтін, спортқа әуес болды. Мейірімді, салмақты еді. Үйсіз жануарларды үйіне әкеп, қарап жүретін», – дейді жақын құрбысы.

«Ескендір жақында мотоцикл айдап үйреніп жүрген. Жаңадан үйреніп жүргендіктен, ақырын жүргізетін. Жүргізу тәжірибесін жетілдіру үшін Астанадағы байкерлер клубына қосылды. Клуб балалары оның өлімі жайлы бірінші болып естіді», – дейді құрбысы.

Ескендідің анасы Еуропада, әкесі Алматыда тұрады. Ол бір күн бұрн достарымен «Астана Опера» театрына барған. Жұма күні кешкілік досына бара жатқан жолда мерт болды.

«Бейнебақылау камерасының таспасын көрген жоқпыз. Оны тек жақын туысы әпкесіне көрсетті. Біз оқиға орнына келгенде оның денесі қызыл қанға боялып жатты. 12 метрге ұшып кеткен. Басы жарылып, мойны үзіліп, сол жерде көз жұмған», – дейді Малика.

Достары келгенде Ескендірдің мотоциклімен соқтығысқан көліктегі қыз ол жерде болмапты. Достары оның көлігінің номерін суретке түсіріп үлгерген.

«Осы уақытқа дейін ол қыз әлі хабарласқан жоқ. Қаралы отбасы ешкімді кінәлап отырған жоқ. Біз оның оқиғаның қалай болғанын айтып берсе деп едік. Видеоны бізге көрсетеді деп үміттенеміз. Бір білетініміз рөлде болған қыз қарапайым отбасынан емес. Ескендір ұзақ өмір сүруге лайықты жан еді. Біз тек әділдік болғанын қалаймыз», – дейді Малика.

Айта кетейік, жол апаты 22 маусым күні кешкілік болды. Бүгін марқұмды жер қойнына тапсырды.

Бөлісу:


Загрузка...