«Қамауға алыңдар оны!» Тоқаев «күтпеген» қадамға барды (ВИДЕО)

Тоқаев

«Алматы қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікпен Алматы қаласы Алатау ауданының әкімі, оның орынбасары, сондай-ақ осы аудан әкімі аппараты мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысын әшкереледі. Олар 2019 жылы «Өңірлерді 2020 жылға дейін дамыту» мемлекеттік бағдарламасы бойынша бөлінген бюджет қаражатын ірі мөлшерде ұрлады деген күдікке ілінді», – делінген сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет таратқан ақпаратта.

Ведомство мәліметінше, аудан әкімінің орынбасары жалпы қамқорлығы үшін және қызметтік жалған әрекет жасау арқылы орындалған жұмыстар актілеріне нақты орындалмаған жұмыстардың атқарылғандығы туралы көрінеу жалған мәліметтер енгізу жолымен мердігер ұйымның өкілінен 500 мың теңге сомасында параны карточкалық шотқа банктік аудару арқылы алу фактісі бойынша тергеліп жатыр.