Түнгі клубқа келген әйел соңғы рет туған күнін тойлады

Зардап шегуші ашық бас сүйек-ми жарақатын алды, оқиға орнына келген дәрігерлер оның өмірін арашалап қала алмады

Ресейдің Сургут қаласында түнгі клубта туған күнін тойлап жатқан әйелдің басына теледидар құлап кетті, деп хабарлады жергілікті СургутИнформТВ телекомпаниясы.

Куәгерлердің сөзіне қарағанда, оқиға сенбіге қараған түні болған. 36 жастағы тұрғын төрт плазмалық теледидар бекітілген конструкция құлап кеткен, олардың бірі әйелге ауыр жарақат келтірген.

Зардап шегуші ашық бас сүйек-ми жарақатын алды, оқиға орнына келген дәрігерлер оның өмірін арашалап қала алмады.

Тергеу комитеті оқиғаға қатысты тергеуді бастады, деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, өткен жылдың 31 желтоқсаны күні Стамбұлдағы Reina түнгі клубында Санта-Клаус болып киінген адам қонақтарға шабуыл жасаған болатын. Салдарынан 39 адам қаза тауып, 69 адам жарақат алған. Рейтер агенттігінің хабарлауынша, қаза тапқандардың 16-сы шетелдік, бесеуі Түркия азаматы. Түркия ІІМ болған оқиғаны теракт деп бағалады.

Бөлісу:


Загрузка...
Жариялағанsputniknews.kz