Түркиядағы президент сайлауында кім жеңгенібелгілі болды

Президент сайлауында қазіргі мемлекет басшысы Режеп Тайып Ердоған сайлаушылардың 52,5 процент даусын жинады

Түркияның кезектен тыс президенттік және парламенттік сайлауының алғашқы нәтижелері жарияланды, деп жазды Хабар 24.

Мемлекеттік Анадолы агенттігінің мәліметі бойынша, саяси науқанға халықтың 87 пайызы қатысқан. Президент сайлауында қазіргі мемлекет басшысы Режеп Тайып Ердоған сайлаушылардың 52,5 процент даусын алып, жеңіске жетіп отыр. Ал оның оппозициялық партиядан басты қарсыласы Муар-ремИндже 30,6 пайызбен екінші орынға жайғасты.

Түркия Ұлы ұлттық мәжілісіне сайлауға түскен 8 саяси партияның тек 5-уі ғана 10 пайыздық межені бағындырып, парламентке өтті. Алайда атқарушы биліктің Әділет және даму партиясы мәжілістегі басымдығынан айырылып қалды. Сондықтан ол жаңа үкіметті Ұлттық қозғалыс партиясымен бірігіп, “Халықтық одақ” аясында ғана жасақтай алады.

“Сайлаудың бейресми нәтижесі белгілі болды. Оған сәйкес, халқым президенттік міндетті маған сеніп тапсырды. Оған қоса “Халықтық одаққа” және “Әділет және даму” партиясына мәжілістегі басымдықты беріп, үлкен жауапкершілік жүктеп отыр”, — деді Түркия Республикасының президенті Режеп Тайып Ердоған.

Бөлісу:


Загрузка...