АҚШ-та жүк пойызы аударылды

Айова штатының құрамына кіретін Дун қаласында мұнай таситын жүк пойызы апатқа ұшырады. 32 вагон рельстен шығып кетіп, 900 мың литр шамасында кара алтын төгілген.

Осының салдарынан жақын аймақтағы су қоймалары ластанды. Ресми деректерге сәйкес, мамандар төгілген мұнайдың жартысын дер кезінде жинап үлгерген. Қазір жергілікті тұрғындардың өміріне ешқандай қауіп жоқ. Бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, бұл BNSF Railway компаниясына тиесілі жүк пойызы. Ол мұнайды Канададан Оклахома штатындағы ConocoPhillips компаниясына жеткізуі керек болатын.

24.kz

Бөлісу:


Загрузка...
Жариялағанjasqazaq.kz