Әбунасыр Серіктовтың ұлы екі баласын тастап, екінші рет үйленді (ФОТО)

Әбунасыр Серіктовтың ұлы

Танымал актер Әбунасыр Серіков пен актриса Лиза Серікованың үйінде қуанышты жаңалық.

Көпшілік қауымға "Жібек" телехикаясы арқылы танылған Әбунасыр Серіковтың ұлы Әбілмансұр Серіков екінші рет шаңырақ көтерген сыңайлы.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Әбілмансұр мен ақ орамалды жас келіннің суретін жайдарманшы Сәкен Серіков жариялаған.

"Бауырым, бақытты бол", - деген жазба қалдырған.

Сонымен қатар, жас актердің қарындасы Ханшайым да су жаңа жеңгесімен сурет жариялап "Аппақ жеңгем", - деген жазба қалдырған.

Еске сала кетейік, Әбілмансұр Серіктовтың алғашқы отбасынан екі ұлы бар. Актердің экс-әйелі Фариза Ещанова театр және кино актрисасы, сонымен қатар вокалдан сабақ берді.

Актриса instagram желісіндегі жазбаларының бірінде балаларының нағашыларының қолында екенін айтқан болатын.

Бүгінгі жаңалықтар
qazbrand.info

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.


Мекенжайы:
010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Сарайшық көшесі, 34.

Байланыс телефоны: +7 775 759 2992.

E-mail: qazbrand.info
888