«Білген дұрыс»: Ресейде ақырзаман басталды(ВИДЕО)

Ресейде ақырзаман басталды(ВИДЕО)

Осы заманға дейін қазақты үрей мен үркекте ұстап келген орыстардың өзі ішінен іріп бара жатқанын білесіз бе? Бір кездері айбаты алты құрлықты шарпып, аюдай ақырған алып мемлекеттің бүгінгі жағдайы қаншалықты қиын? Ресей Федерациясы расымен құлдырау дәуірінің босағасына кірдіме? Олай болса ыдыраудың азақ алдында тұрған Ресейдің шынайы болмысын сізге Білген дұрыс!

Осы заманымызға дейін сары орыс төбемізден жай түсіріп, аласапыран күндерді басымыздан өткіздік. Өмір-бумеранг. Енді орыстарды біз тұқыртатын күндер де алыс емес. Ресей федерациясы экономикалық және рухани жағынан осылай ыдырай берсе не болады?

Алдымен оның құрамындағы Шешенстан, Дағыстан, Башқұртстан, Татарстан, Қырым, Алтай халықтары, Ингуш, Бурят сынды 22 автономиялық мемлекеттер өз алдына тәуелсіздік алып, егемендік декларациясын қабылдайды. Қазіргі 150 млн ға жуық Ресей халқының саны, 29 млн 875 мың адамға кеміп адам ресурстарының 30%-ын жоғалтады. Жер көлемі 17 млн 125187 мың шаршы шақырымды құрап әлемде 1 орынға табан тірегенімен автономиялық мемлекеттер өз дегеніне жетсе 4 млн 905 183 мың шаршы шақырым жерінен айрылады. Ол олма біздің солтүстіктегі Омбы мен Орынбор, Еділге дейінгі жерлер, Украинаның Қырым түбегі, Қытайдың солтүстік-шығысы, Жапонияның Курил аралдары, Югославакия мен Финляндия жерлері қайтарылса жалғыз Мәскеу төңірегі қалып көлемі бойынша шамамен 37-38 орындарға жайғасары сөзсіз.

Ресейдің дәл казір ыдырауы – Қытай үшін де үлкен қауіпті. Бүгінгі достық қатынасы басым Путиндік Ресейдің орнына, оның қаруын иеленіп, Қытайға тіс қайрап отырған 5-6 мемлекеттің пайда болуы Қытай үшін ақырзаманмен тең. Оның үстіне Ресейді тізе бүктірген Батыс, келесі азуын Қытайға батырары тағы бар Ресей  тарихына көз жүгіртсек, оның басқа мемлекеттерге қатысты көбіне агрессиялық саясат ұстанғанын көреміз. Бүгінгі Ресей –КСРО-дан, патшалық кезеңдегі Ресейден барлық кемшілігін мұралап алған империя. Алайда ешқандай империя мәңгі өмір сүрмейді.

Загрузка...

Кезінде әлемді дүр сілкіндірген Рим империясы да, Британ империясы да, Осман империясы да ыдырады. Ресейдің тағдыры да осылай аяқталмасына кім кепіл?! Ресей федерациясын қалай ғана күшті деп айта аламыз? Қару-жарақ, әскери күш жағынан мығым шығар, бірақ шикізат өңдеуші емес, өндіруші елдің дәуірі ешқашан да ұзаққа барған емес. Ресей татария, шешен мен дағыстан жерлеріндегі мұнай мен газды кенедей сорып, соның арқасында ғана күн көріп отыр. Тіпті Ресейдің саясаттанушыларының өзі де: «Ресей федерациясы алдағы 2025 жылға дейін бөлшектеніп кетуі мүмкін, оған экономикалық теңсіздік, автономиялық толқулар және диктаторлық жүйе мұрындық болып отыр» дейді.

Путекең таққа отырғалы Ресей КСРО-ның қалдығынан арыла қойған жоқ. Халықтың да наразылығы күннен күнге күшейіп жатыр. Осыны ойлаған қарға бойлы, ақ-сары Путекең Украинаға басып кіріп Қырымды тартып алды. Онымен авторитет жинағысы келді. Жинады да. Бірақ бәрібір, Ресей құлдырау үстінде. Бұл қылығымен Кремльдіктер, Еуропа одағы мен АҚШ мемлекетіне жақпай қалды. Қазір АҚШ Украинаны бауырына басып, көкесі Ресейге қатарынан санкция салып тастады. Қазіргі таңда көптеген саясаткерлер:  Путин жақсы тактик болғанымен,  нашар стратег деп баса айтуда.

Сондықтан да, Путиннің  осы сияқты әскери авантюрасы жүзеге асқан жағдайда қай жағынан да ауыр тиетіні белгілі. Бейбітшілік үшін барын салатын,  Біріккен ұлттар ұйымы,  Қауіпсіздік Кеңесінің мүшесі Қазақстанға шабуыл жасаса,  бұл  Ресей үшін  болжау мүмкін емес салдарға ұласуы кәдік. Тарих беттеріне үңілсек,  қазақтарға жасалған кез -келген агрессия  агрессорлардың өздерін ойсырай жеңіліске ұшырауына әкеліп отыратынын көрсетеді. Бұл жағдайдың да солай болатынына сенеміз. Орешкиннің ойынша, әлем назарында отырған Беларусь еліне Путиннің тісі бата қоймайды,  ал Қазақстанды,  тым құрыса оның біраз бөлігін жаулап алуға тырысары анық. Оған өз халқының жаппай қайыршылануы мен ресейдің экономикалық тұралануы себеп.

Путекең, Қазақстан сияқты елге шабуыл жасаса, жеңіске жететініне сенімді. Бұл  соғыс оған «орыстың жерін кайтарушы» атағын беріп, билігін нығайтуға жәрдемі тиеді. Бұдан басқа да бір себеп бар. Қазақстан қазір жан басына шаққандағы ЖАЛПЫ ІШКІ ӨНІМ бойынша бірінші рет Ресейді басып озып отыр. Бұның  өзі Ресей үшін ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төнгенімен бірдей. Бұл жағдай Ресей құрамында өмір сүріп жатқан татар,  башқұрт, шешен, якут және т.б. халықтар үшін үлгі болады, яғни  тәуелсіздік алса, өзінің ұлттық республикасында  істі басқаруға болатынын,  «орыс атты үлкен ағасының» қарамағында болу қажеттілігі жоқ екендігінің айқын көрсеткіші. Үшінші маңызды бір себеп – Қазақстан қазір әліпбиін латын қарпіне ауыстыру үстінде, бұл қазақтардың қай бағытта даму ойлары бар екенін көрсетіп отыр. Қазақстан әлемдегі озық  дамыған елдермен серіктес болғысы келеді, сыртқы саясатын көршісінің көңілінен шығу  үшін  Солтүстік Кореялық   оқшаулану саясаты сияқты жүргізуден аулақ.

Бұл дегеніңіз  Қазақстан  Ресейден одан әрі алыстай түседі деген сөзі.

© Дереккөзі

Загрузка...
Like this post? Please share to your friends:
Qazbrand.info
Пікір үстеу

;-) :| :x :twisted: :smile: :shock: :sad: :roll: :razz: :oops: :o :mrgreen: :lol: :idea: :grin: :evil: :cry: :cool: :arrow: :???: :?: :!: