ТОҚАЕВТЫҢ БЕТІНЕН СҮЙІП-СҮЙІП АЛҒЫМ КЕЛЕДІ (Болған оқиғаның ізімен)

2019 09 28 21 44 47

ТОҚАЕВТЫҢ БЕТІНЕН СҮЙІП,СҮЙІП АЛҒЫМ КЕЛЕДІ (Болған оқиғаның ізімен)

Түс кезі. Қоғамдық көліктен түсіп, жүрек жалғап алайын деп дәмханаға бас сұқтым. Ұзын сонар кезекте тұрып, ас мәзіріндегі тағамдарға көз жүгірттім. Қасыма бір топ 40 тан асқан нәзік жандылар келіп, менен кейін шретті жалғай түсті. Бірі қасындағысы құрбысы немесе танысына ма «таңертеңнен нәр татпадым. Мына балалардың қарны ашқан сияқты. Қандай тамақ аламыз? Ақшамыз жете ме» деп өзара пікір алмасып тұр. «Мына жердің блинылары дәмді. Бір шәй, кофе алсақ жетеді». «Әй сен құжаттарыңды толық өткіздіңбе? Иә. Өткіздім. Несиемді өкімет жауып берді. Менікін де. ЦОН дағы қыз 111- ге хабарласып, тексере салыңыз деп айтты. (қуаныштарында шек жоқ) ПРЕЗИДЕНТКЕ ҚАЛАЙ ХАБАРЛАССА БОЛАДЫ ЕКЕН. РАХМЕТ АЙТЫП, ТОҚАЕВТЫҢ БЕТІНЕН СҮЙІП, СҮЙІП АЛҒЫМ КЕЛЕДІ» деп ағынан жарылды. кезегім алдыға жылжып, тамаққа тапсырыс беріп, бос орынға отырып, ас үтінде, менен әрірек үстелге жайғасқан несиесі кешірілген бір топ адамдардың көзінен қуаныш анық байқалады.