Home Бүгінгі жаңалықтар Алматыда «Бек Эйр» компаниясының қызметкерлері көтеріліске шықты

Алматыда «Бек Эйр» компаниясының қызметкерлері көтеріліске шықты

Қызметкерлер алдағы уақытта не боларын асыға күтуде. Мамандар Алматы маңында болған ұшақ апатының тексеру жұмыстарын бастаған кезде Bek Air-дің лицензиясы тоқтатылып, рейстердің барлығына шектеу қойылған.

Бұған қоса 300-ден астам қызметкер ақысыз жұмыс демалысына жіберіліпті, деп хабарлайды КТК арнасы.

Bek Air ұйымының қызметкері Қазақстанның авиациялық билігіне үндеу жариялау үшін әуекомпаниясының кеңсесіне жиналыпты. Апат орын алғанына үш апта болған, осы уақытқа дейін қызметкерлер төленбейтін еңбек демалысында жатыр екен. Әуе тасымалдаушы ұйымының лицензиясына шектеу қойылған, сол себепті мекемеде жұмыс атқарып келген әуесеріктер, инженер мен есепшілер не істерін білмей дал болып жүрген көрінеді. Амалдары таусылған олар биліктегілерден көмек сұраудан басқа шарамыз қалмады дейді.

«Барлығымыздың табыс көзі тоқтаулы, не істерімізді білмей, басымыз қатып кетті. Ұйымның лицензиясы тоқтаулы болғандықтан, жұмыс та жоқ, жалақы да жоқ. Тергеу жұмыстары қашан бітетіндігін бір Құдай біледі. Ал бізге үйдегі отбасымызды асырап, баспанамыздың төлемақыларын жүргізуіміз қажет», – дейді бортсерік-нұсқаушы Тұрсын Ахметов.

Мұрат Сахов бұл мекемеде қызметкер болып жүргеніне 3 жылдан асыпты. Қазір ер азамат Fokker-100 ұшағының апатына куәгер болғандардың қатарында. Ол құлаған әуе кемесінінен басқа да жолаушылардың шығуына көмектескен. Дегенмен істің анық-қанығын ашып айтпады. Алдағы уақытта бәрі де белгілі болады дейді ол.

«Жалақымыз тоқтаулы күйде. Басқа мамандыққа барғымыз да келмейді, өзіміздің жұмысымызға үйреніп қалған едік. Барлығының да бала-шағасы бар, кейбіреулері тіпті көпбалалы. Олардың несиелерін айтпасақ та түсінікті. Мен тезірек тергеу жұмыстарын біткенін қалаймын», – деді бортсерік Мұрат Сахов.

Естеріңізге салайық, 27 желтоқсанда Алматы маңында Bek Air компаниясына тиесілі «Фоккер-100» ұшағы құлап, 12 адам қаза тапқан еді. Қайғылы оқиғадан кейін әуе компаниясының лицензиясы уақытша тоқтатылған болатын. Ал премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр сол уақытта Bek Air-дің әртүрлі лоббистердің көмегімен IOSA сертификатынан бас тартуға тырысып келгенін де мәлімдеген. Тіпті еліміздің Азаматтық авиация комитеті халықаралық стандартқа сай қауіпсіздік сертификатын алуды міндеттеген кезде «Бек Эйр» басшылары қарсылық танытып, сотқа бергені де белгілі болды.
«Мен ешкім де, ешқашан бірін-бірі қорғап, сөзін сөйлемейді деп сендіргім келеді. Өйткені кеткен кемшілік көп. Халықаралық әуе рейстеріне шығуды жоспарлаған Bek Air компаниясы әртүрлі деңгейдегі лоббистердің көмегімен IOSA сертификатын осы жылдар бойы алмай келген. Бірақ министрлік өрескел заң бұзушылықтарға жол берген жоқ», – деп мәлімдеді ҚР Премьер-министрінің орынбасары Роман Скляр.

Bek Air қызметі белгісіз уақытқа тоқтатылды. Осы кезге дейін ұйым ішінде не болғанын, ұшақтардың қандай жағдайда, қашан жөндеуден өткенін, қандай ережелер сақталып, олардың қайсысы бұзылғанын сарапшылар анықтайтын болады. Дегенмен олар да тексерістің қашан бітетіндігін әзірге білмейді. Мәскеулік мамандар борттық жазбаларды шифрлеуден өткізген. Сонымен қатар ұшақты құрастырып шығарған Нидерландыдағы өндіріс орны тексеріледі.

Көп оқылды

«ҚАЛАУЛЫМ» ЖАБЫЛДЫ!

Талай жанға ермек болған, талай жанның ашуын кернеген "Қалаулым сен" бағдарлама өз жұмысын тоқтатты, деп жазады NewsRoom+ ақпарат агенттігінің тілшісі.  Үш сағат бойы ауыл-аймақтағы жеті...

ӘРБІР БЕСІНШІ ДӘРІГЕР КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН

Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметінше, әлем бойынша медицина қызметкерлерінің 20 пайызы коронавирус жұқтырған. БҰҰ COVID-19 жұқпасымен күресіп жатқан дәрігерлердің басым бөлігі нәзік жандылар екенін ерекше...

Енді көшеде маскасыз жүргендер айыппұл төлейді

Өзбекстанда барлық азаматқа маска тағу міндеттелді, деп хабарлайды newsroom.kz тілшісі. Енді 23 наурыздан бастап елде бетті тұмшалайтын қорғаныс құралдары жоқ адамдарға көшеде жүруге тыйым...

ҚАЗАҚСТАНДА КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАНДАР САНЫ 68-ГЕ ЖЕТТІ

Коронавирус індетін жұқтырған 2 адам тіркелді. Олардың бірі Алматы қаласында, екіншісі Нұр-Сұлтанда анықталған.  Сағат 10:40-тағы ақпаратқа сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 35 адам, Алматы қаласында 29...

Тағы да жаңалықтар

Қазақстанның ЖОО оқу ақысын қымбаттатуды жоспарлап отыр

Пандемия, төтенше жағдай және мұнай бағасының құлдырауы кесірінен адамдардың материалдық жағдайы нашарлап, кейбір студенттер мен ата-аналар оқу бағасын төлеуде қиындыққа ұшыраған. Білім және ғылым министрі...

«Жаным, сен мені мәңгілік сүйсің бе?» деген сөз құлағымда жаңғырып тұрды

- Жаным, сен мені мәңгілік сүйесің бе? - Әрине! - Егер мен о дүниелік болсам да сүйесің бе? - Онда бұдан да қатты сүйетін болам! Осы сөздерден соң...

Ақтөбе облысында түрме қызметкеріне белгісіз адамдар оқ атып кетті

Ақтөбе облысында түрме қызметкеріне белгісіз адамдар оқ атып кетті Ақтөбе облысында тергеу изоляторының қызметкеріне оқ тиіп, ауруханаға жатқызылды,  деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. "Мой город" басылымының мәліметінше, оқиға 20...

Елімізде 22 шілде күні 1646 адамнан коронавирус анықталды

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 76799. Қазақстанда өткен тәулікте 1646 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы coronavirus2020.kz-ке сілтеме жасап. Оның ішінде 778 адам клиникалық белгілері жоқ тасымалдаушы тіркелді. Аймақтар бойынша (жалпы/симптомсыз): Нұр-Сұлтан...

Эпидемиолог: Коронавирус адамға бейімделеді

Коронавирус адамға бейімделетіндіктен, оның ауруды тудыруы мүмкіндігі төмендейді. Алайда ауру маусымға байланысты өршуі мүмкін деп болжанып отыр. Бұл туралы Ресей Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас...

О дүниеде өткізген алты күн

О дүниеде өткізген алты күн Бұл оқиға осыдан үш жыл бұрын менің өз басымнан өткен еді. Сол күні құлағыма құлаққап қыстырып алып, музыка тыңдап, аялдамада...

«Бәрібір түбінде өлеміз»: Кентал 4 жыл бұрын түсірген вайны үшін жазаланды (ВИДЕО)

«Бәрібір түбінде өлеміз»: Кентал 4 жыл бұрын түсірген вайны үшін жазаланды (ВИДЕО) Сот отырысы бірнеше рет кейінге қалып, 22 шілдеде онлайн режимде өтті. Кентал лақап атымен...

Маман қанық ұйықтаудың әдісін атады

Маман қанық ұйықтаудың әдісін атады Дұрыс матрас және оны дұрыс пайдалану адамды созылмалы шаршау синдромынан қорғайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Мұндай ақпаратты Сеченов атындағы Бірінші Мәскеу мемлекеттік медицина...

Тоқаевтың Twitter-дегі жазбалары неге түнде жарияланады?

Тоқаевтың Twitter-дегі жазбалары неге түнде жарияланады? Президент туындаған қиындықтарға шұғыл жауап беріп жатады. Қазақстан Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли zakon.kz-ке Мемлекет басшысының жұмыс кестесі туралы айтып берді. Оның...

Алматыда 5 жүкті әйел коронавирустан қайтыс болды – Надыров

5 жүкті әйел коронавирустан қайтыс болды Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қамалжан Надыров шаһарда 5 жүкті әйел коронавирустан қайтыс болғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Экстрагенитальды...

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

Optimized with PageSpeed Ninja