Алматы облысындағы Талғар қаласының қызы Қытай азаматына тұрмысқа шықпайтын секілді. Себебі қазақ жігіттері олардың үйленуіне бөгет жасап, тойды болдырмай тастаған. Үйленуге кедергі келтіргендердің видеосын куәгерлердің бірі әлеуметтік желілерге жүктеді.

Той болады деген күні Талғарға Қазақстанның түкпір-түкпірінен жігіттер келіп жетіпті. Полиция қызметкерлері болса мейрамхана алдын таңнан кешке дейін күзеткен. Алайда ол күні той болмаған, оған шақырылған қонақтар да келмеген.

Видеодағы ер азаматтың айтуынша, тойды болдырмау үшін мыңнан аса қазақ жігіті жиналған екен. Ал осыны естіген бойда, қытай азаматы сол күні-ақ ауылдан қашып кетіпті.«Қазақ жігіттері келіп жатыр. Той болмайтын болыпты. Қытай есін жинап қашып кеткен екен. Ақшасын қайтарып беріпті. Бүгін Талғардың өзінен 1000 жігіт шығыпты. Ал біз Шымкенттен келдік», – дейді видеодағы ер азамат.

Еске салсақ, осыдан бірнеше күн бұрын желі қолданушысы қазақ қызының қытай азаматына тұрмысқа шыққалы жатқаны туралы жазып, тіпті тойға шақыру билетіне дейін көрсеткен болатын.

Бөлісу:


Загрузка...
Жариялағанalashainasy.kz