Отандық бағдарламаның бірінде жарысқа түскен қыздар адам сенгісіз сынақтардан өтуде.

“Кел, келінім” бағдарламасында бағын сынап жатқан қыздардың қойдың құмалағын жегені ра па?

Бағдарламада сынақтан өту үшін “қойдың құмалағын” жеген Перизат көпшілікті таңғалдырды.

Өзге қатысушылар оны қояр да қоймай осындай қадамға баруға көндірді. Перизат көп ойланғанымен қолына ұстатқан затты сумен араластырып жеп қойды.

Бұған сеніп таңғалған да, сенбеген де көрермендер бар.

“Құмалақ жеген жоқ. Зарина құлағына сыбырлап бірдеңе айтты Перизатқа, құмалақ секілді шоколад дегендей”, – деп жазады желі қолданушысы.

“Қойдың құмалағын жемейтін шығар енді жарыс екен деп, жай ғана шоу ғой”, деп жазады енді бірі.

“Осындай бағдарламаларды түсінбеймін. Өз намысын құртып не істеп жүреді қызы да, жігіті де”, “Жесе жеген шығар, қазір бәрін күтуге болады”, – дейді өзгелері.

Перизаттың батылдығы туралы не айтасыздар?

A post shared by Kel Kelinim (@kelkelinim) on

Бөлісу:


Загрузка...
Жариялағанstan.kz