Ақтауда көтермелі кран құлап кетті (видео)

Ақтауда құрылыс нысанында көтермелі кран құлап кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға 14 қаңтар күні сағат 15:55-те орын алған. Келіп түскен ақпарат бойынша көтермелі кран “Бәйтерек” сауда орталығына қарама-қарсы 19 ықшам-ауданындағы құрылыс нысанында құлаған.

Құлаған кран түсірілген видео әлеуметтік желілерде тарап кетті. Бейнежазбада екі ер азаматтың әңгімесі естіледі. Біреуінің сөзінше, көшеде өтіп бара жатқанда көтермелі кран өз-өзінен құлай бастаған.

Оқыс оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Бүгінгі жаңалықтар