Атырауда жанармай құю бекетін тонағандар видеоға түсіп қалды

Загрузка...

Атырауда жанармай құю бекетін тонағандар видеоға түсіп қалды

Атырауда екі ер адамның жанармай құю бекетін тонаған сәті видеоға түсіп қалды, – деп хабарлайды «Мой Город».

Басылымның мәліметінше, бұл оқиға 9 қаңтарда сағат 06.00-де болған. Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, екі ер адам Датов көшесінде орналасқан жанармай құю бекетіне баса-көктеп кірген.

«Жанармай құю станциясы қызметкерлеріне қарсы күш қолданып, кассадан 268 мың теңге алып, оқиға орнынан жасырынған. Полицейлер оларды ізін суытпай ұстады. Ұсталғандар – Жылыой ауданының 25 жастағы тұрғыны мен 24 жастағы қала тұрғыны. Олардан ақша мен заттай дәлелдер табылды», – деп хабарлады полицейлер.

Осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Дереккөзі

Загрузка...
Like this post? Please share to your friends:
Qazbrand.info
Пікір үстеу

;-) :| :x :twisted: :smile: :shock: :sad: :roll: :razz: :oops: :o :mrgreen: :lol: :idea: :grin: :evil: :cry: :cool: :arrow: :???: :?: :!: