Денис Теннің анасының арызы қанағаттандырылмады

Денис Теннің анасының арызы қанағаттандырылмады

Тергеу Алматы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ұлттық бюро департаментіне тапсырылған болатын.

Сот Оксана Теннің полицейлердің үстінен жазған арызын қанағаттандырмады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. 

Фигуристің анасы тергеуді қайта жүргізуді сұраған болатын.

«Тен мүддесіндегі адвокаттардың шағымын қанағаттандырмауға шешім қабылдайды. Қаулыға жеке шағым түсіруге болады, прокурор шешім жарияланған сәттен бастап үш тәулік ішінде Алматы қалалық сотына өтініш әкелді», – деді сот.

Загрузка...

Оксана Тен оқиға орнында болған полиция қызметкерлеріне шағымданған. Оның айтуынша, қайғылы оқиғаның алдын алуға болар еді. Ол полиция инспекторларының салғырттығы 2018 жылдың тамызында «абайсызда ауыр зардаптарға әкеп соқты» деп санайды.

Тергеу Алматы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ұлттық бюро департаментіне тапсырылған болатын. 2019 жылдың наурызында қылмыстық істі тоқтату туралы қаулы шығарылды. Кейін Оксана Тен бұл шешімнің күшін жою мақсатында қайта шағым түсірген.

Еске салайық, 19 шілдеде Алматыда белгісіз біреулер Денис Тенді пышақтап кеткен еді. Оқиға шамамен 15.00-де Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында болған. Кейін қалалық ІІД өкілдері Денис Тенге автоұрылар шабуыл жасағанын мәлімдеді. Сөйтсек, спортшы ұрылардың үстінен түскені белгілі болды. Жанжал кезінде спортшының аяғына пышақ тиіп, көп қан жоғалтқан. Ол ауруханада көз жұмды.

Загрузка...
Like this post? Please share to your friends:
Qazbrand.info
Пікір үстеу

;-) :| :x :twisted: :smile: :shock: :sad: :roll: :razz: :oops: :o :mrgreen: :lol: :idea: :grin: :evil: :cry: :cool: :arrow: :???: :?: :!: