Домой Бүгінгі жаңалықтар Жезөкшелікке сіңлісін итермелеп, азаптаған...

Жезөкшелікке сіңлісін итермелеп, азаптаған…

- Advertisement -

Алматыда қатыгез әйел бұрынғы қайын сіңлісін жезөкшелікке жекпек болып азаптаған

Полицейлер үйдің ішін тінтіп, бірнеше адамды ішкі істер басқармасына алып кетті. Ал айдың-күннің аманында зорлық көрген бойжеткен әлі де қауіпсіздігі үшін алаңдайтынын жасырмады.

Алматыда 25 жастағы бойжеткен өзін біреулердің ұрлап әкетіп, жезөкшелік жолға түсірмек болғанын айтып шағымданды. Денесінің сау тамтығы қалмай таяқ жеген жәбірленушінің айтуынша, оны әуелі бір үйде соққыға жығып, кейін жеңіл жүрісті қыздардың ордасына алып барған, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Ең сорақысы, бойжеткенді екі күн қамауда ұстағандардың бірі оның бұрынғы жеңгесі екен. Қатты соққыдан есеңгіреп әрең тілге келсе де, жәбірленуші полицейлерге өзін қай жерде және кімдердің қамап ұстағанын көрсетіп берді.

«Зорлық-зобылықтың құрбаны болдым» деген 25 жастағы бойжеткен денесінің сау тамтығы қалмаған. Басы жарылып, үсті-басы түгел қанталап кеткен. Ауыр соққыдан есеңгіреп, әлсіреп қалыпты. Солығын баса алмаған ол сол күнгі оқиғаны қорқынышпен еске алады.

«– Қарап тұрмаңдаршы! Бәрің неге қарап тұрсыңдар?! Тамақ ішетін ожаумен, сосын тоқ ұзартқыштың бауымен буындырып, арқамнан яқпен теуіп, қолымен ұрып, тізесін батырды.
– Кім деген ұрды?
– Камила мен Аида ұрды».

Ең сорақысы, қорғансыз жанды аяусыз тепкілегендер оны қорқытып-үркітіп, жеңіл жүрісті қыздардың қатарына қоспақ болыпты.

«Жезөкше болып жұмыс жасайсың, істемесең, қағаздар жасап қойдым, апарып әке-шешеңе көрсетемін» деді. Кешкісін мені Северное кольцо 32/Д немесе Г, сол мекен-жайда автожуғыш бар, соның жертөлесінде жезөкшелер ұясы бар. Сол жерге алып барды», — дейді жәбір көрген қыз.

Осылайша, екі күн құлдықта болған ол ретін тауып, түн ішінде жақындарына хабарласқан. Өзін қай жерде күштеп ұстап отырғанын айтып үлгеріпті. Бірақ, айтылған мекенге тәртіп сақшыларымен бірге жеткен туысқандары үйге кіре алмай, кері қайтыпты. Ал істің насырға шапқанын білген сыбайластар ертеңіне оны Сайран автобекетіне ертіп әкелген.

«Толық қыз сіңілімді жетектеп қасында келді. Сіңілімді көрдім. Құшақтап амандасқанда, «әпше, маған көмектесші, алып қашшы» деп жылады», — дейді әпкесі.

Алайда, үйге жеткенше, белгісіз көлік аңдып келгенін айтқан әпкесі «сыртқа шығуға қорқамыз» дейді. «Екі жігіт торуылдап жүр» деген олар тек біздің көз алдымызда полиция шақырды. Ал тәртіп сақшыларына мән-жайды түсіндірген жәбірленуші өзін қай жерде күшпен ұстағанын көрсетіп берді.

«– Қайсы?
– Мына жасыл қақпа. Қорқамын аға, кете берейінші, өтініш. Шығып қалса, қорқамын.
– Басқа қыздар болды ма?
– Иә, ішінде болды.
– Олар кім?
– Олар – сол тәтеге жұмыс істейтіндер».

Жәбірленуші көрсеткен үй маңайында әп-сәтте сақшылардың қарасы көбейіп, тіпті, оқиға орнына жедел-тергеу тобы алып-ұшып жетті. Абыр-сабырды естіген көршілер бұл үйден талай рет жеңіл жүрісті қыздарды көргенін айтады.

Ал алғашында қақпасын ашудан бас тартқан үй иесі артынша полицейлерге тап берді. Полицейлер үйдің ішін тінтіп, бірнеше адамды ішкі істер басқармасына алып кетті. Ал айдың-күннің аманында зорлық көрген бойжеткен әлі де қауіпсіздігі үшін алаңдайтынын жасырмады.

- Advertisement -
- Advertisement -

Stay Connected

16,985ФанатыМне нравится
2,458ЧитателиЧитать
61,453ПодписчикиПодписаться

Must Read

Қазақстанның ЖОО оқу ақысын қымбаттатуды жоспарлап отыр

Пандемия, төтенше жағдай және мұнай бағасының құлдырауы кесірінен адамдардың материалдық жағдайы нашарлап, кейбір студенттер мен ата-аналар оқу бағасын төлеуде қиындыққа ұшыраған. Білім және ғылым министрі...
- Advertisement -

«Жаным, сен мені мәңгілік сүйсің бе?» деген сөз құлағымда жаңғырып тұрды

- Жаным, сен мені мәңгілік сүйесің бе? - Әрине! - Егер мен о дүниелік болсам да сүйесің бе? - Онда бұдан да қатты сүйетін болам! Осы сөздерден соң...

Ақтөбе облысында түрме қызметкеріне белгісіз адамдар оқ атып кетті

Ақтөбе облысында түрме қызметкеріне белгісіз адамдар оқ атып кетті Ақтөбе облысында тергеу изоляторының қызметкеріне оқ тиіп, ауруханаға жатқызылды,  деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. "Мой город" басылымының мәліметінше, оқиға 20...

Елімізде 22 шілде күні 1646 адамнан коронавирус анықталды

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 76799. Қазақстанда өткен тәулікте 1646 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы coronavirus2020.kz-ке сілтеме жасап. Оның ішінде 778 адам клиникалық белгілері жоқ тасымалдаушы тіркелді. Аймақтар бойынша (жалпы/симптомсыз): Нұр-Сұлтан...

Related News

Эпидемиолог: Коронавирус адамға бейімделеді

Коронавирус адамға бейімделетіндіктен, оның ауруды тудыруы мүмкіндігі төмендейді. Алайда ауру маусымға байланысты өршуі мүмкін деп болжанып отыр. Бұл туралы Ресей Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас...
- Advertisement -

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here