18 маусым күні танымал эстрада жұлдызы Серіжанәлі Әлібек өзінен 20 жас қызға үйленіп, тойын дүркіретіп өткізді. Қуанышты жаңалығын әнші өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. 

Өнер жұлдызының жасы 40-тан асса, түсіріп жатқан келін 20-ға енді ғана аяқ басқан екен. Есімі – Ақбаян.

“Баршаңызға Алланың нұры жаусын, жақсы жақсы тілектеріңізге, құттықтауларыңызға мың алғыс. Сіздер де тек қана той көріңіздер, жақсылық көріңіздер. Ұлдарыңызды ұяға қыздарыңызды қияға қондырыңыздар”, – деп жазды әнші Instagram-парақшасында. 

Бөлісу:


Загрузка...
Жариялағанsn.kz