Ел аузынан түспейтін Жұлдыз Әбдікәрімова жұртты тағы бір қылығымен сүйсіндірді. Қайрат Нұртастың келіншегі купальникпен түскен суретін жариялай алмайтынын айтып, көпшіліктің батасын алды, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігінің тілшісі.

Жұлдыз Әбдікәрімова

Жуырда Қайрат Нұртастың отбасымен бірге Түркияға демалуға барғаны белгілі. Хитмен бұл жолы ыстық әрі демалуға қолайлы Белек мекенін таңдаған. Алайда жұмыс кестесі тығыз болғандықтан, 1 аптадан соң Қайрат елге оралуға мәжбүр болды. Ал Гүлзира Үсенқызы, Жұлдыз бен балалары тағы бір аптаға Түркияда қалмақ.

Жұлдыз Әбдікәрімова әдемі фотосуреттер жасап, желідегі оқырмандарының назарына ұсынуда. Бұл аралықта көпшіліктің Жұлдызға риза болып жатқанын айта кетейік.

Оған себеп – елімізге белгілі әншінің жұбайы әрі төрт баланың анасы Жұлдыз мінсіз дене мүсініне қарамастан, купальникпен түскен суретін жариялай алмайтынын айтқан.

“Купальникпен түскенімді сала алмаймын. Тым болмағанда осылай болсыншы”, – деп жазды Жұлдыз.

Жұлдыз Әбдікәрімова

“Ұяты бар жан екенсіз, ризамын”, “Салмаңыз, Қайрат Түркияға қайтып келіп жүрер”, “Қазақ қызы осындай болу керек”, “Иә, салмаңыз. Ақылды келіншексіз ғой. Жұбайыңыз, бала-шағаңыз бар, Аллаға шүкір”, “Сіз халықтың сүйікті ұлының жарысыз, ұят екенін түсінгеніңізге рахмет”, – деп жылы лебізін білдірді Instagram қолданушылары.

Бөлісу:


Загрузка...