11 жасында отшашудың кесірінен бір көзінен айырылған Римма Асқароваға қаншама ота жасалғанымен, нәтижесіз болған. Бүгінде Израильде тағы бір ота жасатуға дайындалып жатқан қызға 16 миллион қаржы жетіспеген еді. Өз кезегінде оның жағдайына бей-жай қарай алмаған жандар ерекше қайырымдылық кешін ұйымдастырып, қажетті ақшаны жинап берді, деп хабарлайды Stan.kz.

Римманың еміне ақша жинау үшін, желі белсендісі Айдын Тоқсанбаева «Ханшайым мен ханзада» аталатын қайырымдылық кешін той сияқты етіп ұйымдастырған. Кеш шарты бойынша келушілердің барлығы ұлттық нақыштағы киім киіп келуі тиіс.

Кештің билеті 3 мың теңгеге бағаланған. Оның 2 мың теңгесі Римманың еміне жіберіледі екен.

 

Ханшайым мен ханзада: Бір көзінен айырылған Римма Асқарованың емі үшін ерекше кеш ұйымдастырылды (фото, видео)

Қайырымдылық кешінің нәтижесінде Римманың емінң қажет 16 миллион теңге толықтай жиналды.

Өз кезегінде Римма көпшілікке алғыс білдіріп, жантебірентерлік өлеңін оқып берді.

https://www.instagram.com/p/BkKeUoLHGvG/?utm_source=ig_embed

https://www.instagram.com/p/BkONzjGnKdY/?utm_source=ig_embed

Естеріңізге сала кетсек, небәрі 11 жасында от шашудың кесірінен бір көзінен айырылған Римма Асқарованың тағдыры барша қазақстандықтарды алаңдатқан еді. Римманың оқиғасы жайлы жұрт желі белсенділерінің арқасында білді. Содан бастап қайырымды жандар бойжеткеннің еміне ақша аударып келеді.

Бөлісу:


Загрузка...