Әбілязовтың тағы бір сыбайласы АҚШ-та бой тасалап жүрген жерінен ұсталды

Ол экс-банкир Әбілязовтің қалауымен Лондонда көптеген офшорлық фирмалар ашып, түрлі банктердегі миллиардтаған қаржыны жеке шоттарға аударумен айналысып келген.

Шетелде бой тасалап жүрген қазақстандық экс-банкир Мұхтар Әбілязовтың сыбайласы, ресейлік бизнесмен Александр Удовенко Америкада қолға түсті, деп хабарлайды NEGE, EU Reporter агенттігіне сілтеме жасап.

Басылымның айтуынша, ресейлік бизнесмен экс-банкир Әбілязовтің қалауымен Лондонда көптеген офшорлық фирмалар ашып, түрлі банктердегі миллиардтаған қаржыны жеке шоттарға аударумен айналысып келген. Кейіннен ол Америкаға қоныс аударып, Мэриленд штатында «инвестициялық кеңесші» қызметін атқарған.

Загрузка...

Тексеру барысында Британия соты Удовенконы «қазақстандық экс-банкирдің негізгі серіктестерінің бірі» деп таныды. Ол ағылшын жерінен 2009 жылы бір түнде «ұшты-күйлі жоғалып» кеткен.

Алматы әкімдігінің түсірген шағымы бойынша қозғалған қылмыстық іс осыдан төрт жыл бұрын басталған болатын. Биылғы жылы Удовенко мен Әбілязовқа қатысты Америкада өтетін сот отырысының мерзімі әлі анықталған жоқ.

© Дереккөзі

Загрузка...
Like this post? Please share to your friends:
Qazbrand.info
Пікір үстеу

;-) :| :x :twisted: :smile: :shock: :sad: :roll: :razz: :oops: :o :mrgreen: :lol: :idea: :grin: :evil: :cry: :cool: :arrow: :???: :?: :!: