Алматыда Land Cruiser мен Pajero және RAV4 автокөліктері соқтығысты
Toyota Land Cruiser тізгінінде болған қыз бала әл-Фараби даңғылының бойында жолдың қарама-қарсы бетіне өтіп кетіп, екі көлікпен – Mitsubishi Pajero және Toyota RAV4 автокөліктерімен соқтығысты, – деп хабарлайды “СТВ” телеарнасындағы “Территория происшествий” бағдарламасының тілшісі.
Ол бордюрге шығып кетіп, металл қоршауларды соққан. Оның қирандылары бірнеше метрге ұшып кетіп, басқа да көліктерді бүлдірген.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші қыз және үш жасар бала зардап шекті. Оларды әр түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізді. Қалалық полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.