Алматы вокзалындағы апатты жағдай: ер адамның үстіне бетон құлады

Дәрігерлердің айтуынша, екінші тәуліктен соң науқастың омыртқасына ота жасалып, титан қойылды.

Алматыда №2 теміржол вокзалы ғимаратының бетонды қаптамасы ер адамның үстіне құлап кетті. Оның жағдайы туралы қалалық Қоғамдық денсаулықты сақтау басқармасының баспасөз қызметі айтып берді.

«Науқас шұғыл медициналық көмек беру ауруханасына ауыр халде (бас-миының жабық жарақаты, бірнеше қабырғасының сынуы, гематороксы бар қос өкпесінің соққы алуы, плевропульмоналды шок, бел омыртқасының жарақаты, жамбасының жарықшақты сынығы, травмалық шок) жеткізілді. Дәрігерлер жансақтау бөлімі жағдайында диагностикалық және емдік шаралардың толық көлемін жүргізді», — деді басқарманың баспасөз қызметінен.

Загрузка...

Дәрігерлердің айтуынша, екінші тәуліктен соң науқастың омыртқасына ота жасалып, титан қойылды.

«Қазір оның жағдайы бірқалыпты. Оңалту шаралары жасалып жатыр. Науқас барлық медициналық көмекті қажетті көлемде алды», — деді ведомстводан.

© Дереккөзі

Загрузка...
Like this post? Please share to your friends:
Qazbrand.info
Пікір үстеу

;-) :| :x :twisted: :smile: :shock: :sad: :roll: :razz: :oops: :o :mrgreen: :lol: :idea: :grin: :evil: :cry: :cool: :arrow: :???: :?: :!: