Мақпал Жүнісова желіде Заманбек Нұрқаділовпен түскен суреттерімен бөлісті (фото)

Мақпал Жүнісова желіде Заманбек Нұрқаділовпен түскен суреттерімен бөлісті (фото)

Отандық танымал әнші Мақпал Жүнісова желіге марқұм жолдасы Заманбек Нұрқаділовпен түскен суреттерін жүктеді. Қазақстандық эстраданың жұлдызы танымал саясаткердің бұрын-соңды жарияламаған фотоларын ел назарына паш еткен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жүнісова отбасылық мұрағаттағы суреттермен Instagram желісіндегі ресми парақшасында бөліскен. Онда әншінің Нұрқаділовпен бірге түрлі шараларда жүргенін көруге болады.

Фотолардың бірінде ерлі-зайыптылар белгілі бір концерт кезінде қол шапалақтап отыр.

Өнер иесінің марқұм жолдасымен түскен суреттерін желіге жүктегеніне қарағанда, оған деген сағынышы әлі де басылмаса керек.

Айта кетейік, Заманбек Нұрқаділов 2005 жылдың 12 қарашасында қайтыс болды. Белгілі саясаткердің жансыз денесі өз үйінде табылды. Анықталғандай, оның денесінде үш оқ жарақаты болған. Орын алған оқиғаның ресми нұсқасы бойынша, ол өз-өзіне қол салған.

Оған қоса, «Бауыржан шоу» театрының негізін қалаушысы Бауыржан Ибрагимов жақында Аман Тасығанға берген сұхбатында Нұрқаділовпен қарым-қатынасы туралы жан сырын ақтарған болатын.

Танымал әзілкеш оны нағыз батыр мінезді азамат ретінде есінде сақтап қалғанын жасырмады. Актердің сөзінше, Заманбек шынайылықты жаны сүйетін тұлға болған.

Загрузка...

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Ⓜⓐⓚⓟⓐⓛ Ⓩⓗⓤⓝⓤⓢⓞⓥⓐ (@zhunusova.makpal)

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Ⓜⓐⓚⓟⓐⓛ Ⓩⓗⓤⓝⓤⓢⓞⓥⓐ (@zhunusova.makpal)

Загрузка...
Like this post? Please share to your friends:
Qazbrand.info
Пікір үстеу

;-) :| :x :twisted: :smile: :shock: :sad: :roll: :razz: :oops: :o :mrgreen: :lol: :idea: :grin: :evil: :cry: :cool: :arrow: :???: :?: :!: