Хельсинки қаласында «араб христиандарына» арналған жаңа қауым пайда болды деп хабарлайды caravan.kz.

Yenicag.Ru мәліметінше, әр дүйсенбі күні 20 шақты ер адам (әсіресе, жас Ирак келімсектері), Херттониеми шіркеуі жанындағы қауымға келіп, жергілікті христиандық мектепте лекция тындайды екен.

Хельсинки епархиясында араб тілді келімсектерге жауап беретін Рамез Ансара есімді пастордың айтуынша, олардың көбісі осы жерде баспана табуға үміт артып отыр.

Христиан дінін қабылдаған мұсылман отанында өлімге тап болуы мүмкін. Сондықтан да егер оның дін ауыстыруға деген лебізі шынайы екеніне Иммиграциялық қызметті сендірсе ,оған баспана беру туралы сұрауына оң жауабы берілуі ықтимал.

«Мен оларға Иса пайғамбар туралы айтқан кезде, олардың христиан дініне деген қызығушылығы күн сайын артып келе жатқанын байқаймын» , — дейді Ансара.

Иммиграциялық қызметтің мәлімдемесін сенетін болсақ, бұндай тенденция Финляндия елі үшін толыққанды феноменге айналып үлгерді. Әсіресе, Скандинав елдері үшін бұл өте сирек кездесетін құбылыс.

Аталып өткен Иммиграциялық қызмет тұрақты түрде баспана беру туралы шешім қабылдау алдында иммигранттармен жұмыс жасайтын дін қызметшілерімен ақылдасады. Бүгінгі күні, сұраныс берген жүздеген қашқындар мен келімсектердің жартысы баспанамен қамтамасыз етіліп үлгерген.

Бөлісу:


Загрузка...