Биылдан бастап кімдер салық төлемейді – министрлік еске салды

1,2 миллион микро және шағын бизнес субъектісі үш жыл ішінде 380 миллиард теңгеден аса ақша үнемдейді

Осы жылдың 1 қаңтарынан бастап 2023 жылдың 1 қаңтарына дейін микро және шағын бизнес субъектілері табыс салығынан босатылды, деп хабарлайды ұлтытқ экономика министрлігінің баспасөз қызметі.

«Заңнамаға сәйкес микро бизнес – 15 адамға дейін жұмысшысы бар және жылдық табысы 30 мың АЕК (79 миллион теңге) дейінгі жеке кәсіпкерлер, ал шағын бизнес –  100 адамға дейін жұмысшысы бар және жылдық табысы 300 мың АЕК-ке (795 миллион теңге) дейінгі жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар», – деп түсіндірді министрлік.

Табысқа салынатын салыққа не жатады

  • заңды тұлғалар үшін – корпоративтік табыс салығы;
  • жеке кәсіпкерлер үшін –  жеке табыс салығы;
  • шаруа немесе фермер қожалықтары үшін – бірыңғай жер салығы;
  • оңайлатылған декларация негізінде арнайы салық режимін жүзеге асыратын кәсіпкерлер үшін –  әлеуметтік салық.

«Қалған салықтар мен төлемдер міндеттеме туындаған кезде төленеді», – делінген хабарламада.

Министрлік арнайы салық режимін қолданатын микро және шағын кәсіпкерлік субъектілері салықтан босатылатынын еске салды. Олардың саны – 1,2 миллион. Нәтижесінде бизнес үш жыл ішінде 380 миллиард теңгеден аса ақша үнемдеп, қаражатты өз қызметін дамытуға жұмсай алады.

Загрузка...

Кімдер салықтан босатылмайды

  • есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымымен байланысты қызметті жүзеге асыратындар;
  • акцизделетін өнім өндіру және (немесе) көтерме саудада сату;
  • астық қабылдау пунктерінде астықты сақтау бойынша қызмет;
  • лотерея өткізу;
  • ойын бизнесі саласындағы қызмет;
  • радиоактивті материалдар айналымына байланысты қызмет;
  • банк қызметі (не банк операцияларының жекелеген түрлері) және сақтандыру нарығындағы қызмет (сақтандыру агентінің қызметінен басқа);
  • аудиторлық қызмет;
  • бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызмет;
  • кредиттік бюролар қызметі;
  • күзет қызметі;
  • азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымымен байланысты қызмет;
  • жер қойнауын пайдалану саласындағы қызмет, оның ішінде алтын іздеушілер қызметі;
  • пайдалы қазбаларды сату, оның ішінде трейдерлер қызметі, көмір, мұнай сату бойынша қызмет;
  • бензин, дизель отыны мен мазуттың, мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін бөлшек саудада сату;
  • сыртқы экономикалық қызмет.

Өткен жылдың соңында мемлекет басшысы микро және шағын бизнесті табыс салығынан үш жылға босатуды көздейтін заңға қол қойған еді.

© Дереккөзі

Загрузка...
Like this post? Please share to your friends:
Qazbrand.info
Пікір үстеу

;-) :| :x :twisted: :smile: :shock: :sad: :roll: :razz: :oops: :o :mrgreen: :lol: :idea: :grin: :evil: :cry: :cool: :arrow: :???: :?: :!: