Домой Бүгінгі жаңалықтар Мұғалімдерге жалақы дұрыс төленбеген: 119 миллион теңге қайтарылды

Мұғалімдерге жалақы дұрыс төленбеген: 119 миллион теңге қайтарылды

- Advertisement -

Кәсіподақ 2019 жылдың бірінші жартыжылдығында ұстаздарға 119 миллион теңгеге жуық қаражатты қайтарып берді

Былтыр еліміздің кейбір мектептерінде мұғалімдер өздеріне тиесілі жәрдемақыны толық көлемде ала алмаған.

Мәселен, еңбек демалысына немесе іс сапарға шыққанда берілуі тиіс ақшаның ұстаздарға тек белгілі бір бөлігі ғана төленген, деп хабарлайды «Хабар 24«.

«2019 жылдың бірінші жартыжылдығында ұстаздарымызға 119 миллион теңгеге жуық қаражатты қайтарып бердік. Жалақылары дұрыс есептелінбеген. Еңбек демалысына шыққан кезде сауықтыру жәрдемақысы да дұрыс төленбеген. Іс-сапар шығындары толық берілмеген», — дейді қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрайымы Айгүл Мұқашева.

Мысалы, Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданы Қайыңды ауылындағы Смаилов атындағы орта мектептің 40 шақты мұғалімі еңбек демалысына шыққан кезде берілетін жәрдемақыны толық көлемде алмаған. Ақыры кәсіподақтың араласуымен төленбеген қыруар қаражат педагогтарға беріліпті. Мұны телефон арқылы бізге ұстаздардың бірі айтты.

«Осы жаздыгүні қосылмай қалған ақшамызды берді, мұғалімдердің алды 60 мыңнан, соңы 40 мыңнан алып, қуанып отырмыз», — дейді мұғалім Азизат Байдыгелова.

«Ұстаздарымыз еңбек демалысына шыққанда сауықтыру жәрдемақысын бір ставкамен төлейді. Еңбек кодексіне байланысты ұстаз қанша сағат жүргізеді, сол жүктемесіне байланысты төлеу керек», — деп түсіндірді Айгүл Мұқашева.

Яғни бұл – елде бар проблема. Алдағы уақытта мұндай заңсыздықтың бәрі жіті тексерілмек.

Тағы бір жаңалық – мектептегі мұғалімдердің оқу жүктемесі азайды. Педагогтар бұрынғыдай 18 сағат емес, 16 сағат жұмыс істейді. Бірақ бұдан ұстаздардың жалақысы азаймайды. Бұл да – педагогтың құқығын қорғауға бағытталған көп шараның бірі.

- Advertisement -
- Advertisement -

Stay Connected

16,985ФанатыМне нравится
2,458ЧитателиЧитать
61,453ПодписчикиПодписаться

Must Read

Қазақстанның ЖОО оқу ақысын қымбаттатуды жоспарлап отыр

Пандемия, төтенше жағдай және мұнай бағасының құлдырауы кесірінен адамдардың материалдық жағдайы нашарлап, кейбір студенттер мен ата-аналар оқу бағасын төлеуде қиындыққа ұшыраған. Білім және ғылым министрі...
- Advertisement -

«Жаным, сен мені мәңгілік сүйсің бе?» деген сөз құлағымда жаңғырып тұрды

- Жаным, сен мені мәңгілік сүйесің бе? - Әрине! - Егер мен о дүниелік болсам да сүйесің бе? - Онда бұдан да қатты сүйетін болам! Осы сөздерден соң...

Ақтөбе облысында түрме қызметкеріне белгісіз адамдар оқ атып кетті

Ақтөбе облысында түрме қызметкеріне белгісіз адамдар оқ атып кетті Ақтөбе облысында тергеу изоляторының қызметкеріне оқ тиіп, ауруханаға жатқызылды,  деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. "Мой город" басылымының мәліметінше, оқиға 20...

Елімізде 22 шілде күні 1646 адамнан коронавирус анықталды

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 76799. Қазақстанда өткен тәулікте 1646 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы coronavirus2020.kz-ке сілтеме жасап. Оның ішінде 778 адам клиникалық белгілері жоқ тасымалдаушы тіркелді. Аймақтар бойынша (жалпы/симптомсыз): Нұр-Сұлтан...

Related News

Эпидемиолог: Коронавирус адамға бейімделеді

Коронавирус адамға бейімделетіндіктен, оның ауруды тудыруы мүмкіндігі төмендейді. Алайда ауру маусымға байланысты өршуі мүмкін деп болжанып отыр. Бұл туралы Ресей Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас...
- Advertisement -

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here