“Бақытбек босап шығыпты…”: Есентаев ендігі өмірін қыздарына арнайды (Видео)

yyyyyyyyyyyyyyyyy

Меніңше, Баян қатты өкініп жүр. Темір қатын демекші, ол өзін мықтымын деп үнемі ақтайды. Бұл жолы да сөйтті.

Кітап шығарды, ел алдында жүр әйтеуір. Өзінше ақталып әлек. Елге емес, өз-өзіне ақталып жатқан секілді. Жұмысбастылықпен де өкініштің орнын жабуға тырысып бағуда. Кино түсірді, тағы да кино. Бірақ үңірейген іштегі жараны ол емдей ала ма?.. Оны қойшы, бәрінен масқарасы Бақытбек шыққанда болайын деп тұр.

Кеше ғана журналист Аман Тасығанға сұхбат берген Баян тағы бір рет таңғалдырды. Тіпті жаға ұстатты.

“Алғашқы махабатыңыз кім?” деген сұраққа, 22 жыл отасқан адал жары, екі баласының әкесі Бақытбек деп жауап берсе болар еді.

Ал Баян болса беті бүлк етпей қайдағы бір Лешка дегенді айтты. Бұған не дерсіз?

Бағдарлама бойынша Баянның бір сұраққа жауап бермеуіне құқығы бар еді.

Журналистің “өміріңізде Бақытбек пен Тұрсыннан өзге еркекпен төсектес болдыңыз ба?” деген сауалға жауап беруге келгенде Баян осы құқығын пайдаланды…

Ал Бақытбек ше? Ол оралған кезде әкешім деп қыздары мойнына оралмайды дейсіз бе? Оралады, әрине.

Дереккөзі: 365info

Бүгінгі жаңалықтар