Сенбі, Наурыз 28, 2020

Қожанасыр: Құйрығы айыр, жалы тік еді, содан білдім

Көп оқылды

ҚАЗАҚСТАНДА КОРОНАВИРУСТАН 15 АДАМ ЖАЗЫЛЫП ШЫҚТЫ

Қазақстанға бүгінгі күнге дейін коронавирустан жалпы саны 15 адам жазылып шыққан. Бұл туралы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасаған newsroom.kz тілшісі...

«Қатты тұншықтым». «Ювентустың» ең қымбат футболшысы коронавирус жұқтырғаннан кейінгі жағдайын айтты

Туриндік "Ювентус" пен Аргентина құрамасының шабуылшысы Пауло Дибала жағдайы туралы айтып берді. Футболшы сүйіктісімен бірге коронавирус жұқтырған еді. "Сиптомдар қатты білінді,...

«Әйел облысты басқара алмайды деген стереотиптің «күлі көкке ұшты» – Аида Балаева

Гүлшара Әбдіқалықова – халық және ел игілігі жолында адал әрі табанды еңбектенсеңіз, алынбайтын қамал жоқтығының жарқын үлгісін көрсетті. Президенттің кеңесшісі...

Қожанасыр бір күні балық ауламақшы болып көлге барыпты. Балық қармағына ілікпей көп отырады. Содан әбден жалыққан кезде бір балық іліге кетіпті. Бұған қуана күйгелектей балығын қармағынан ағытып жатқанында, саусағындағы алтын сақинасы суырылып суға түсіп кетіпті. Бұған Қожакең «қап, енді қайттім» деп аз ойланып тұрды да, дереу қолындағы балығына:

— Бар, сақинамды аузыңа салып алып кел, әкелсең, жаныңды қиямын, әкелмесең, осы көлдің суын бір жаққа ағызсам да, сені табам, белгің есімде, құйрығың айыр, жалың тік, — деп балыққа қарапты. Бұл кезде балық «бақ» етіп аузын ашыпты. Бұған Қожакең балық түсініп, «көндім» деген сөзі екен деп ойлап, суға қоя беріпті. Содан «сақинамды әкеледі» деп бір күн, бір түн судың басында отырыпты. Ақыры шыдамы кетіп, қармағын жиып алып, «қап, бәлем» деп үйіне аяңдапты. Келе жатып үйіне бос келуге ұялып, «ең болмаса базардан балық сатып алайын, әйелім менің судан ұстаған балығым деп ойласын» деген ойға келіп, жолда базарға келіпті. Кеме базарда бір кісі балық сатып отыр екен. Қожанасыр балыққа саудаласа кетеді де, балықтардың ішінде өзі ұстаған балыққа ұқсаған бір балыққа көзі түсе кетіп:

— Мынау менің балығым, — деп жабыса кетеді. Бұған сатушы:

— Қойыңыз, Қожеке, бұныңыз ұят қой, бұл балықты өзім ұстадым, — депті. Қожанасыр:

— Кел, бәс тігейік, егер балықтың ішінен сақина шықса, бар балығың менікі, ал шықпаса, онда үйімдегі есек сенікі, —  депті. Осы екі арада халық та жиылып қалыпты, сатушы жиылған жұртты куә қылып балықтың ішінен сақина шықпайтынына көзі жеткендей, Қожанасырдың есегін ұтып алмақшы болып:

— Сөзіңнен тайма, міне, халық куә, — деп балықтың ішін жарып жіберіпті. Күтпеген жерден балықтың ішінен алтын сақина сопаң етіп шыға келіпті. Бұл іске жиылған адам, сатушы — бәрі таң қалып:

— Қожеке, бұл балықтың ішінде сақина бар екенін, және өзіңдікі екенін қалай білдің? — десіпті.

Қожанасыр:

— Балығымның құйрығы айыр, жалы тік еді, содан білдім, —  деп сатушының бар балығын жиып алып, үйіне тартып отырыпты.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Соңғы жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАНДА КОРОНАВИРУСТАН 15 АДАМ ЖАЗЫЛЫП ШЫҚТЫ

Қазақстанға бүгінгі күнге дейін коронавирустан жалпы саны 15 адам жазылып шыққан. Бұл туралы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасаған newsroom.kz тілшісі...

«Қатты тұншықтым». «Ювентустың» ең қымбат футболшысы коронавирус жұқтырғаннан кейінгі жағдайын айтты

Туриндік "Ювентус" пен Аргентина құрамасының шабуылшысы Пауло Дибала жағдайы туралы айтып берді. Футболшы сүйіктісімен бірге коронавирус жұқтырған еді. "Сиптомдар қатты білінді, бірақ, қазір өзімді жақсы сезінемін....

«Әйел облысты басқара алмайды деген стереотиптің «күлі көкке ұшты» – Аида Балаева

Гүлшара Әбдіқалықова – халық және ел игілігі жолында адал әрі табанды еңбектенсеңіз, алынбайтын қамал жоқтығының жарқын үлгісін көрсетті. Президенттің кеңесшісі Аида Балаева "Гүлшара Әбдіқалықованың Қызылорда...

Қызылорда облысында коронавирусқа 111 адам бақылауға алынған

Қызылорда облысы бойынша Тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау департаменті басшысының орынбасары Әлия Әбдіқайымова онлайн-брифинг барысында аймақтағы коронавирусқа байланысты ахуалды сипаттап берді, деп хабарлайды zakon.kz. 28 наурыз,...

Құдалықта коронавирус жұқтырған Алматы облысының тұрғыны анықталды

Алматы облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы үш адам тіркелді. Аймақ әкімдігі COVID-19 анықталған аудандарды атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Билік өкілінің мәліметтері бойынша, олардың барлығы облыстың...
- Advertisement -