Ажырасқым келмейді, ақымақ болыппын…

Загрузка...

Ажырасқым келмейді, ақымақ болыппын…

Анонимді берсеңіздер екен. Сәлеметсіздер ме!

Ақыл-кеңес сұрағым келіп отыр. Сөкпеңіздерші бірақ. Жасым 21-де. Өзімді қатты жақсы көрген жанға тұрмысқа шықтым. Тойымыз өте есте қалардай өтті. Киемін дегенімді алып берді, бірге тұрған 5 айдың ішінде бар жағдайымды жасады.

Күйеуімнің жасы 27-де. Өте тік мінез, қырсық, бірақ иманды жан. Орамал тағып жүр ахиретім үшін дейтін. Ақылын айтатын. Жалғыз мамасы ғана бар. Мамасын да сыйлайтын. Бірақ мен қатты ерке болдым, барып оғанда еркелігімді көрсеттім, кішкентай ұрыс болса кетемінге салатынмын.

3-4 рет қайталанды. Соңғы айқай болғанда үйге қонбаған еді сол үшін ренжіп кетемін дегенде неке сақинасын алып қалды да мінгізіп жіберді ауылыма. Ажырас деп отыр енді. Мамасы да ренжіп жазыпты кешірімге берген ақшалардың бәрін қайтарыңдар, маған эксперимент жасауға келген екенсің деп. Қарғап-қарғап дымымды қалдырмады.

Кешірім сұрадым екеуінен де балалықпен істедім, барайын ұмыттыруға тырысайын дедім. Жоқ, мазағың ба деп ұрысып берді өзіме. Енді ажырасуға дәтім бармайды. Қатты жақсы көремін. Қалай ұмытамын оны? Арада бала жоқ. Ұмытуға тырыссам ұмытып кете аламын ба? Оның да жақсы көретінін білемін. Ашумен істеп отыр ма екен? Не істесем екен?

© Дереккөзі

Загрузка...
Like this post? Please share to your friends:
Qazbrand.info
Пікір үстеу

;-) :| :x :twisted: :smile: :shock: :sad: :roll: :razz: :oops: :o :mrgreen: :lol: :idea: :grin: :evil: :cry: :cool: :arrow: :???: :?: :!: