Студент қызда «арам ойы» болған қарияның қылығын айтып күйінді

Ата, қарттардан қадір кеткені қалай?!…

Мен мұны айтып, айтпау жайлы ұзақ ойландым. Өзім ата-əженің қолында өскен соң мұндай әңгімені сөз етуге дəтім жетпеді.Моңғолиядан оқу іздеп, Алматыға жалғыз өзім келген кезім еді. Алматыда ешкімім жоқ. Туған-туыс Моңғолияда қалған. Күндіз жұмыс істеп, кешкісін дайындық курстарына қатысып жүргенмін . Жұмыс болғанда не жұмыс дейсіз?! Қолымнан келетіні – кеңсенің шаңын сүртіп, ауласын сыпырып нан табу ғана. Кафелерге жұмысқа баруға аяғым тартпаған.

Иə, өлместің күні ғой. Жұмыс іздеп, шарқ ұрып жүргенімде Қанат деген қариямен кез болдым. Ол кісінің өз кəсібі бар екен. Соған мені жұмысқа шақырды. Мен үнемі ол кісіні атамдай ардақ тұтқам. Алғашқы апталар маған ылғи жақсы қарағанына атаның пейіліне разы болдым. Атамекенен ата тапқаныма тəңірге шүкірлік айтып жүрдім.

Сол сезімдерім үшін кейін қатты өкінетінімді қайдан білейін?!….

Загрузка...

Бірде, бөлмесін тазалауға шақырған соң жүгіре басып жеткенмін. Шаң сүртуге кірісе берген тұсымда, ол кісі маған ғашық жігіттің қылығын жасап тұр. Екі бірдей əйелі бар адамның үшінші əйелдікке мені таңдағаны қай басынғандығы екенін ұға алмай алғашында абыржып қалдым. Қауқарлы болғандықтан ғана, әупірімдеп деп жүріп қапсырған құшағынан сытылып кеттім.Əйтеуір, сол бөлмеден жылап шыққаным есімде.

Содан əлі күнге үлкен аға-көкелер қарындасым деп пейіл көрсетіп жатса, қабылдай алмай тұрамын…

el24kz

Загрузка...
Like this post? Please share to your friends:
Qazbrand.info
Пікір үстеу

;-) :| :x :twisted: :smile: :shock: :sad: :roll: :razz: :oops: :o :mrgreen: :lol: :idea: :grin: :evil: :cry: :cool: :arrow: :???: :?: :!: