«Олар ерлі-зайыпты сияқты өмір сүрді ғой»: Танымал актер Мәдина Ералиева мен Болат Назарбаевты не байланыстырғанын айтты

Белгілі актер, «Бауыржан шоу» әзіл-сықақ театрының жетекшісі Бауыржан Ибрагимов журналист Аман Тасығанның Talklike жобасына сұхбат беріп, қазіргі қазақ өнерінің жағдайы туралы, билік басындағы қандай азаматтармен аралас екенін айтып берді. 

«Болатпен жақсы араластым, Астанаға кетпей тұрып талай араластық, менің фазендама келіп атқа мінетін. Мәдина біздің концертке көп қатысатын, керемет адам еді. Өнерін де қатты жақсы көретінмін. Олар ерлі-зайыпты сияқты өмір сүрді ғой. Оны елдің бәрі біледі, біздің концерттен қалмайтын, бір-біріміздің қуанышымыздан қалмайтынбыз», – деп марқұм болып кеткен әнші туралы көптен бері халық арасында тараған әңгімелерге нүкте қойды.

Загрузка...

Актер елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен де кеңес өкіметі тоқырағанға дейінгі мезгілден таныс екенін, үйінде бірнеше мәрте болғанын, мерекелерде кейде бас қосатынын айтып қалды. Сонымен қатар Ибрагимов Дінмұхаммед Қонаевпен сыйлас болу, үйінде талай мәрте қонақ болу бағы бұйырғанын жасырмады.

«Зәкеңмен (Заманбек Нұрқаділов – ред.) де жақсы араластық. Батыр адам еді, майда емес, бір сөздің адамы. Бір жұмыспен барып қалсақ, болса болды, болмаса, тікелей айтып, шығарып жіберетін. Бір күні мені шақыртып алды, сосын кітабына тілегін жазып берейін десе, дұрыс қаламы ілікпей, не болды десем, Мақпалдың (Мақпал Жүнісова – ред.) бір ай сияқты жылтыраған бас киімі болды ғой, соған түнімен отырып тастарын қадапты. Соны жасырмай айтқанының өзі батылдық. Кез-келген еркектің нақсүйері болады ғой, бірақ ол кісі жасырмай, тікелей халықтың арасына шығарып, түнделетіп жүрмей, мойындағанының өзін батылдылық деп атар едім. Ол кісінің сондай тазалығы көп еді», – деп саясаткерді қатты сыйлағанын айтты.

Загрузка...
Like this post? Please share to your friends:
Qazbrand.info
Пікір үстеу

;-) :| :x :twisted: :smile: :shock: :sad: :roll: :razz: :oops: :o :mrgreen: :lol: :idea: :grin: :evil: :cry: :cool: :arrow: :???: :?: :!: