«Нағыз ертегі»: Дубайда жұмыс істеген қыз араб әйелдерінің өмірі жайлы айтып берді

Қырғыстан Республикасының тумасы Сырға Камчыбекова ресейлік FB.ru басылымына берген сұхбатында Дубайдағы өмірі жайлы баяндап берді. Бойжеткеннің айтуынша, ол ешқашан жаңа мамандықты игеріп, шетелде жұмыс істеймін деп ойламаған.

Оған туған қаласы Нарындағы өмірі ұнаған. Алайда тағдырдың жазуы басқа болды.  Біздің кейіпкер медбикеден бет әрлеушіге айналған. Тоғыз жыл Дубайда жұмыс істеген Сырға, өз әсерімен бөлісті.

Оның туысқандарының бәрі дәрігер болған, сондықтан оның қандай мамандық иесі болатыны жайлы ешқандай сұрақ туындамаған. Бойжеткеннің дәрігерлер әулетінің бір мүшесі болу керектігі түсінікті болған. Мектеп бітрген соң, ол медучилищеге түсіп, диплом алды, кейін емханаға жұмысқа орналасты. Оның өмірі бірқалыпты әрі тыныш болып көрінген, алайда кенеттен келген жаңалық бәрін түбегейлі өзгертті. Сырғаның жүрегі ауырғандықтан таулы аймақтағы климат карсы көрсетілген. Сол себепті, туған қаласынан Бішкекке көшуге тура келді.

Қаладағы емханалардың біріне жұмысқа тұрды. Алайда сол кезде Совет Одағы таратылып, сұрапыл тоқсаныншы жылдар басталды. Елдегі ауыр саяси ахуал тұрғындардың материалдық жағдайына әсерін тигізбей қоймады. Ұлттық валютаны сомға ауыстырғаннан кейін Сырғаның жалақысы тек қана жұмысқа баратын жолақысына ғана жететін болып шықты. Сол сәтте бойжеткен өз мамандығын өзгерту жайлы ойлана бастаған.

 

Қыздарының бұл шешіміне ата-анасы қарсы болған. Олар баласының дәрігер болмауын тіпті елестете де алмады. Сырға туысқандарының түсініспеушілігімен және наразылығымен бетпе-бет келді, дегенмен өз шешімін өзгерткен жоқ.

Сол сәтте желілік бизнес дамып келе жаттты. Аренаға «Орифлейм» және «Мери Кей» сынды магнаттар шыға бастады. Сырға бұл ұйымдарда бет әрлеудің негіздерін үйрене бастады, кейін сән салонына жұмысқа орналысты. Өкінішке қарай, ол жылдары сән әлемі дәл қазіргідей дамымаған. Қарапайым халықтың бет әрлеуші мен косметологқа баратындай қаражаты болмады. Маманға жүгінгенше бет әрлеумен өздері айналысуды жөн санады.  Сырға клиенттерді өздігімен іздеп, оларға бет әрлеудің не екенін және оның қандай қажеттілігі бар екендігін түсіндіруге тура келді. Уақыт өте келе көптеген аруларды өз артынан ергізе алды. Айына екі мың доллардай қаржат таба бастады. Бұндай жалақы жайлы әрбір медбике армандаушы еді. Біліктілігін арттыру үшін Сырға Мәскеуге барып келді, кейін Еуропада мансап құруға шешім кабылдады.

Жиырма жеті жасында туыстарының наразылығына қарамастан біздің кейіпкер Чехияның астанасы Прагаға жол тартты. Сән салонына жұмысқа тұруға үміттеніп еді, бірақ бәрі ондай оңай болған жоқ. Біріншіден, Сырға тіл білмеді, екіншіден, жергілікті азаматшалар бет әрлеуді қоныс аударған эмигрантқа сеніп тапсыра алмады. Чех тілін меңгергеніне қарамастан, Сырға сән әлемінде өз орнын таба алмады.

Өз-өзін қамтамасыз ету үшін Сырға даяшы болып та, еден жуушы болып та жұмыс істеді. Төрт жылда жеткілікті сомадағы қаражатын жинап, ол Бішкекке қайта оралды. Маңдай терімен тапқан ақшаға өз елінде көлік және пәтер сатып алды.

Сырға Бішкекте көп аялдамады. Дубайдағы жұмыс жайлы хабарландыруды көрген соң, өтінім қалдыруға бел буды. Жұмыс беруші-люкс сегментіндегі косметиканы өндіруші болып шықты. Қырғызстанға келген басшылық Сырғаны сұхбаттасуға шақырды. Жұмысқа тұрудың басты шарты ағылшын тілін білу, ал Сырға мектеп қабырғасынджа неміс тілін оқыған, сол себепті ағылшын тілі ол үшін жат болды. Сіңілілеріне өз-өзін таныстыратын мәтін жазып беруін өтініп, жұмыс берушілердің алдында монологты толығымен жаттап айтып берді.

Жұмыс берушілер Сырғаның ағылшын тілінде еркін сөйлеуіне таңдай қағып, жылы лебіз білдірді. Содан кейін оған макияж жасап көрсетуді өтінді. Сәтті аяқталған сынақтан кейін оған Дубайдағы косметика сататын салон-дүкеннен жұмысқа тұруға ұсыныс түсті, жалақысы екі мың доллар! Әрине, Сырға бірден келсімін берді.

Чехияға қарағанда Дубайда жұмыс істеу әлдеқайда жеңіл екенін Сырға мойындайды. Басты себеп, жергілікті тұрғындардың эмигранттарға деген карым-қатынасы. Еуропада менсінбеушілікпен қараса, ал бұл жерде тұрғындар жылы қарсы алды.

Араб әйелдерінің мейірімділігі мен достығына Сырға қатты таңғалған. Ағылшын тілін еркін білмегендіктен, көп нәрсені түсінбей қалып жатқан жағдайда оған: «Ештеңе етпейді. Егер сен осы жерде жұмыс істесең, демек, саған сенуге болады».

Біздің кейіпкерімізбен бірге дүкенде Ресей, Қазақстан, Қырғыстаннан келген қыздар жұмыс істеген. Жатын жері үшін айына 300-ден 500 долларға дейін төлеген, бірақ шығын толықтай ақталған. Негізгі табыс үйге барып макияж жасаудан келген: Сырға араб әйелдерінің бетін әрлеген. Дәл сол арқылы араб әйелдерінің күнделікті өмірі жайлы біле бастаған.

Араб әйелдерінің өмірі нағыз ертегі деп сеніммен айтуға болады. Олар таңғы онда оянады. Бұл уақытқа қарай қызметшілер таңғы ас әзірлеп, киімдерін дайындап қояды. Балалармен бала күтуші айналысады. Үйде араб әйелдері хиджаб кимейді: олар сәннің соңғы үлгісі бойынша киінеді, бірақ  оны тек қана күйеуі және басқа әйелдер ғана көре алады. Далада ұзын, жабық хиджабпен жүреді.
Олар үш қабатты зәулім үйлерде тұрады, оның ішінде лифт және хауыз бар. Айта кететін бір жәйт, үй ер адамдар және әйел адамдар үшін екіге бөлінеді, мәселен, қонаққа келген бөтен ер кісілер шейхтің әйелін хиджабсыз көріп қоймау мақсатында үйдің бірінші бөлігінде күтіледі.

Көп әйел алу бұл жақта кеңінен таралған. Араб шейхтері дәулетті болғандықтан бірнеше әйел алып, олардың жағдайын толықтай жасай алады. Әйелдер арасында өшпенділік пен бәсекелестік жоқ. Керісінше, олар өте тату және бір-бірімен жақсы тіл табысады. Олар үшін ең сүйікті ойын-сауық түрі шопинг. Дүкенге кіргенде, олар ешқашан киімнің бағасына қарамайды. Ұнаған тауарды кассаға қойып, айтылған соманы төлейді. Бутикке бір келгенде үш-төрт мың доллар жұмсайды.

Арабтар мен шетелдіктер арасындағы неке сирек кездеседі. Өзге елдің әйелі ешқашан олардың қатарына қосыла алмайды, ол тек гаремнің бір мүшесі ғана болуы мүмкін, ұзақ уақыт емес. Ажырасқан соң балалар әкесінің қасында қалады.

Бүгінгі жаңалықтар