Заң жобасын түсіндіру мақсатындағы дөңгелек үстел

15 мамыр күні Зайсан аудандық әділет басқармасының тіркеуші- инспекторы Жансая Бақытбекқызы «Азиялық несие қоры микрокредиттік ұйымы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Зайсан аудандық филиалының қызметкерлеріне «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бағалау қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын түсіндіру мақсатында дөңгелек үстел өткізді,-деп хабарлайды QazBrand.info ақпарат агенттігі Зайсан аудандық әділет басқармасына сілтеме жасап.

Аталған іс – шара барысында Жансая Бақытбекқызы Заң жобасында көрсетілген бағалау жүргізудің негізгі талаптары мен шарттары туралы түсіндіріп, Заң шеңберінде бағалау қызметін мемлекеттік реттеу жөніндегі функцияларды Әділет министрлігінен Қаржы министрлігіне берілгеніне назар аударды.

Дөңгелек үстелге қатысушылардың бағалау қызметі бойынша қойылған сұрақтарына заңдық кеңестер берілді.

Бөлісу: