Ninety One тобының өлеңіне сыншыл көзқараспен қарап, ойын білдірген Аша Матай кейін иглздардың жаппай қарсылығында қаламын деп ойламаған секілді. Бұл даудың сейілі әлі басылған жоқ.

Танымал тележүргізуші Аша Матай «EMA 2017» марапатында Ninety One-дық жігіттердің «Су асты» өлеңін сынға алған еді. Ашынған иглз бұл жайды жәй қалдырған жоқ .

Муззон арнасына сұхбат берген Аша Матай топ жігіттері ойланып сөйлеуі керек екенін айтты.

«Біріншіден менің ол топқа, оның продюсерлеріне еш қарсылығым жоқ. Бұны жігіттердің өздері де растайды. Менің жігіттерге айтқаным, әннің сөздеріне қарсы шыққаным емес, оны ұнатпағаным. Ал жігіттердің өнерлеріне өте жақсы қараймын, әндерін тыңдаймын. Ең бастысы әр адам ойланып сөйлеу керек сияқты. Мен өзім кәсіби тележүргізуші болғаннан кейін, менің айтпауым дұрыс болмаушы еді. Сондықтан айтуға бел будым», — дейді Аша.

«Ойланып сөйлеу керек»,- дейді Аша. Бірақ, бұл жағдайда бұл кеңесі өзіне бағытталған секілді…

365info

Бөлісу:


Загрузка...