Домой Бүгінгі жаңалықтар Назарбаев және Қабатов: Әзілің жарасса, атаңмен ойна...

Назарбаев және Қабатов: Әзілің жарасса, атаңмен ойна…

- Advertisement -

Танымал КВН ойыншысы Тұрсынбек ҚАБАТОВ экс-президент Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ сөзін мазаққа айналдырды. Және ол сөзі Nur Otan партиясына қарайтын республикалық «Astana» телеарнасының эфирінен көрсетілген. — деп жазды «Жас Алаш».  Қабатовты партия қаржыландырды екен деп, әзілкеш шым-шым сатирадан ат тонын ала қашуы керек пе еді сонда? «Әзілің жарасса, атаңмен ойна» деп атам қазақ не үшін айтып кетті?

Нұрсұлтан ӘБІШҰЛЫНЫҢ қай сөзі күлкіге айналды?

Сонымен Нұрсұлтан ӘБІШҰЛЫНЫҢ қай сөзі күлкіге айналды? 2019 жылдың ақпан айындағы бес қыздың өлімінен кейін, елде көпбалалы аналардың қарсылық акциялары көбейген-ді. Сол жылдың 21 тамыз айында Nur Otan партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында «әйелдер бала табарда мемлектепен ақылдасқан жоқ еді ғой» деген-ді.

«Әлі есімде, бас кезінде қиын болды. Жұмыс жоқ, жалақы жоқ, дүкен сөрелері бос тұрды. Сонда бәрі «бер, бер» деп отыратын. Мемлекетте ақша жоқ болса, қайдан береміз? Бірақ, қазір сол 30 жыл бұрын болған ұрандарды көтеріп жүр. «Маған бер, балаларым көп» дейді, «жалақым аз, тағы бер» дейді. Бас кезінде нені ойладың? Бұл – сенің проблемаң. Сен мемлекетпен ақылдасқан жоқсың ғой», — деген Назарбаев.

КВН ойыншысы өз монологында бұл сөздердің авторы министрлер мен депутаттар деп соғады. Жалпы квн-шілердің президенттерді әжуалауы бұрынан бар. Осы ойынның (КВН) отаны Ресейде Семен СЛЕПАКОВ Владимир ПУТИННІҢ алдында саяси батыл әнімен ел есінде. Бәлкім біздің Қабатов украиналық әріптесі Владимир ЗЕЛЕНСКИЙ  (ол да КВН ойнаған) сияқты билік партиясының басшысын сынау арқылы саясатқа бет алмақшы ма? Бірақ Қабатовтың Nur Otan партиясы төрағасы, Қауіпсіздік кеңесі төрағасы, Елбасы, Халық қаһарманы Нұрсұлтан ӘБІШҰЛЫН сынайтындай жөні жоқ. Билік партиясы Қазақстандағы КВН-ге демеушілік жасап келеді. Қабатовтың концерттеріне Алтай КӨЛГІНОВ сынды әкімдер, нұротандық депутат Бекболат ТІЛЕУХАНДАР келеді. Сондықтан да Тұрсынбек пен билік партиясының арасы ушығатындай дәнеме жоқ.

Әңгімеміздің басы болған Қабатов әзілінен ауытқып кетіппіз. Монолог жиылған жұрттың езуін тарқызыпты.

«Бізде 6 бала болды. Мен бұны түсінемін. Бірақ, кейбір депуттар, министрлер «сіздер бала жасағанда бізбен ақылдассаңдаршы» деп жатыр. Мен таң қаламын негізі. Ондай сәтте ешкіммен ақылдаспайсың ғой енді. Қалай ол? Ондайда «бас істемей» қалады емес пе?.. Мысалы, әйеліңді әдемі етіп киіндіріп алып, агенттік пе, әкімдік пе, министрлік пе… біреуіне ерте барып: «Сәлеметсіз бе?» — деп тұрсаң, ондағылар: «Сіздерге не керек?» — дегенде: «Ештеңе керек емес. Жай… ақылдасайық деп едік…» — десең, «Ақылдасқаны қалай?» — дегенде, «Ендііі… Қалай айтсам екен… Кешке жоспар бар еді негізі… Сол туралы сізбен ақылдасайық деп едік… Бола ма, болмай ма, жалпы?..» — дегенің ыңғайсыз ғой, иә?» — деп күлдірді КВН ойыншысы.

Айтпақшы, Тұрсынбек Қабатов 2019 жылдың қараша айында кәсіпқой боксер Мейірім НҰРСҰЛТАНОВ екеуі Nur Otan партиясының қатарына кірген. Партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан БАЙБЕК өз қолымен партбилет берген.

PS. Осылай деп «Жас Алаш» жазыпты. Әрине, Қабатов қайраткер әзілкеш, еңбекқор азамат. Ол өзінің міндетін, өзінің орнын толық түсінетін өте аңғарымпаз өнер иесі. Оның міндеті — қайтсе де халықты күлкіге қарық қылу. Қабатовтың қалжыңынан қара іздеп, оның әрекетінен қайдағы бір  (Владимир ЗЕЛЕНСКИЙ) саясаткерді іздеп, әжуә жасап отырған өздеріңіз емес пе, «Жас Алаш»? Қабатов қалжыңдаған шығар, оған бұл қылығы жараспай ма…

Коллаж: zhasalash.kz     

- Advertisement -
- Advertisement -

Stay Connected

16,985ФанатыМне нравится
2,458ЧитателиЧитать
61,453ПодписчикиПодписаться

Must Read

Қазақстанның ЖОО оқу ақысын қымбаттатуды жоспарлап отыр

Пандемия, төтенше жағдай және мұнай бағасының құлдырауы кесірінен адамдардың материалдық жағдайы нашарлап, кейбір студенттер мен ата-аналар оқу бағасын төлеуде қиындыққа ұшыраған. Білім және ғылым министрі...
- Advertisement -

«Жаным, сен мені мәңгілік сүйсің бе?» деген сөз құлағымда жаңғырып тұрды

- Жаным, сен мені мәңгілік сүйесің бе? - Әрине! - Егер мен о дүниелік болсам да сүйесің бе? - Онда бұдан да қатты сүйетін болам! Осы сөздерден соң...

Ақтөбе облысында түрме қызметкеріне белгісіз адамдар оқ атып кетті

Ақтөбе облысында түрме қызметкеріне белгісіз адамдар оқ атып кетті Ақтөбе облысында тергеу изоляторының қызметкеріне оқ тиіп, ауруханаға жатқызылды,  деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. "Мой город" басылымының мәліметінше, оқиға 20...

Елімізде 22 шілде күні 1646 адамнан коронавирус анықталды

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 76799. Қазақстанда өткен тәулікте 1646 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы coronavirus2020.kz-ке сілтеме жасап. Оның ішінде 778 адам клиникалық белгілері жоқ тасымалдаушы тіркелді. Аймақтар бойынша (жалпы/симптомсыз): Нұр-Сұлтан...

Related News

Эпидемиолог: Коронавирус адамға бейімделеді

Коронавирус адамға бейімделетіндіктен, оның ауруды тудыруы мүмкіндігі төмендейді. Алайда ауру маусымға байланысты өршуі мүмкін деп болжанып отыр. Бұл туралы Ресей Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас...
- Advertisement -

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here