Нұрсұлтан Нұрбердиев: Дана Кентаймен арамызда…

Көпшіл қауымға «Жүрек алдамайды» әнімен таныс. Түрік жұлдызы Мурат Япракпен дуэт жазған жас әнші Нұрсұлтан Нұрбердиев бұл жолы қандай жұлдызбен дуэт дайындап жатыр екен?

Саravan.kz медиа-порталының тілшісі сұхбаттасып көрген еді.

– Шығармашылығыңыздағы соңғы жаңалықтарыңызбен бөліссеңіз?

– Шығармашылығымда жаңалық көп, өзімді тыңдармандарыма енді басқа қырымнан көрсетпекпін. Осы жылы меннен тек қана жақсы жаңалықтар күтіңіздер! Жүрекфандарға дайындаған тосын сыйым да бар.

– Жеке басыңызға қатысты жақсы жаңалық бар ма?
Қандай жаңалық керек? (Күліп) Қызым жоқ, басым бос.Сүр бойдақпыз әзірге. Варианттар болса айта жүріңіздер (қалжың)
– Әріптестеріңізбен дуэттеріңіз жетерлік. Ең ұнайтыны қайсысы өзіңізге? 

– Дуэтке келетін болсақ кез келген дуэтті мен ұнаған соң орындаймын. Өзіме ұнамаған әнді айта алмаймын. Демек маған барлық жазылған дуэттер ұнайды. Алла қаласа өнердегі аға-әпкелермен тағы да жақсы дуэттер дайындап жатырмыз, әзірге атын атап түсін түстемейақ қойайын.

Загрузка...

– Түрік еліне қоныс аударады деп есітіп жатырмыз…
– Туған жерге ештеңе жетпейдіғой әрине.Түрік еліне тек қана Мурат Япрак досыма жұмыс барысымен немесе демалуға бармасам, елді тастап кететін ойым жоқ. Елге қызмет ету керек бізге.

– Өзіңізді модельдік салада сынап көргіңіз келмей ме?

– Негізі ойымда бар. Ұсыныстар түсіп жатса, бас тартпас едім.

 Дана Кентаймен араларыңызда қарым-қатынас бар ма?

– Бар! Достық қарым-қатынас. Одан әрі барған емеспіз. Жақсы жұппыз сахнада. Дуэттерімізде бар. Өте жақсы достармыз.

Сұхбатыңызға рахмет!

Загрузка...
Like this post? Please share to your friends:
Qazbrand.info
Пікір үстеу

;-) :| :x :twisted: :smile: :shock: :sad: :roll: :razz: :oops: :o :mrgreen: :lol: :idea: :grin: :evil: :cry: :cool: :arrow: :???: :?: :!: