Зайсанда Ұлы Жеңістің 73 жылдық мерекесіне арналған салтанатты акциясы өтті

Зайсанда 9 мамыр – Ұлы Жеңістің 73 жылдық мерекесіне арналған «Мәңгілік сапта» салтанатты акциясы өтті,-деп хабарлайды QazBrand.info әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Дүркіретіп өтті сол жылдар» демекші, адамзат тарихындағы жойқын соғыстың Жеңіспен аяқталғанына 73 жыл толды. Алайда, майдан даласындағы оқ пен оттың дүмпуі, тыл өміріндегі бейнетті тіршілік аға ұрпақтың жүрегіне өшпес ізін қалдырған, жан сыздатар зардабы мен ол күндердің барлық тағдыры тауқыметі ұмтылған емес, сол замандағы ұрпақтың санасында жатталып қалған ақиқат. Ескерткіш алдында гүл шоқтары қойылып, «Мәңгілік сапта» атты салтантты шеруді «Мәңгілік өлмейтін полк» бастады.

Әры қарай 2017 әскери бөлімінің ардагерлі Газ 69 автокөлігі, 2017 әскери бөлімінің қызметкерлері, мектеп оқушылары, технология колледжі студенттері шықты.
Ардагерлер мен тыл ардагерлеріне «Дала асханасынан » дәм татты мерекелік концертпен жалғасын тапты.

 

Бөлісу:


Загрузка...