Домой Бүгінгі жаңалықтар Иран АҚШ-тың әскери базасына зымыранмен соққы жасады

Иран АҚШ-тың әскери базасына зымыранмен соққы жасады

- Advertisement -

Он үш зымыран нысанаға тиді, зардап шеккен америкалық әскерилер туралы ақпарат жоқ. Иран АҚШ-тың аймақтағы одақтастарына да соққы беруге дайын екенін мәлімдеді

Америка әскерилері орналасқан Ирактағы «Айн-әл-Асад» әскери базасына зымыранмен соққы жасалды.

Иран ислам революциясы сақшыларының корпусы жауапкершілікті өз мойнына алды. Бұл туралы Press TV телеарнасы хабарлады.

«Ислам революциясы сақшыларының корпусы Ирактағы америкалық «Айн-әл-Асад» әуе базасына ондаған зымыранмен соққы жасағанын растап отыр», — деп хабарлады телеарна Twitter-де.

​CNN мәліметінше, базадағы ақпарат көздері кем дегенде 13 зымыранның дәл тигенін растады, бұған дейін Иран аумағынан кем дегенде 30 зымыран ұшырылғаны туралы хабарланған. Сонымен бірге америкалық агенттік АҚШ әскерилері зардап шекпегенін атап өтті.

АҚШ қалай жауап қайтарды

АҚШ қорғаныс министрінің қоғаммен байланыс жөніндегі көмекшісі Джонатан Хоффман Иран Ирактағы Америка базаларын баллистикалық зымырандармен атқылағанын мәлімдеді.

«Иран АҚШ-тың әскери базаларына және Ирактағы коалициясына қарсы оннан астам баллистикалық зымыранмен соққы берді. Біз шығынды алдын-ала бағалау жұмыстарын жүргізіп жатырмыз», — деп мәлімдеді ол.

Хоффманның айтуынша, АҚШ аймақтағы өзінің әскери қызметкерлерін, серіктестері мен одақтастарын қорғау үшін «барлық қажетті шараны» қабылдайды.

Дональд Трампқа Ирактағы базаларға оқ жаудырылғаны туралы хабарланды, ол жағдайды қадағалап отыр, деді АҚШ президентінің баспасөз хатшысы Стефани Гришэм.

«Біз АҚШ-тың Ирактағы нысандарына жасалған шабуылдардан хабардармыз. Президентке ақпарат берілді, ол жағдайды мұқият қадағалап отыр және ұлттық қауіпсіздік жөніндегі өз командасымен кеңесіп жатыр»,  — деп мәлімдеді Гришэм.

Дональд Трамп халыққа үндеу жасайды деп жоспарланған, бірақ кейінірек Ақ үйдегілер ешқандай үндеу болмайтынын хабарлады.

Америка президенті қорғаныс министрімен және мемлекеттік хатшымен кездесу өткізді.

Генерал Сулейманиге жасалған қастандық

3 қаңтарда АҚШ Бағдадтағы халықаралық әуежай аумағында арнайы операция жүргізіп, ирандық генерал Сулеймани мен ирак шейіттер жасағының басшысы Әбу Махди әл-Мухандисті өлтірді.

Вашингтонның мәлімдеуінше, олар өткен жылдың 31 желтоқсанында Бағдадтағы АҚШ елшілігіне шабуыл ұйымдастырды. Иранның Жоғары көшбасшысы Али Хаменеи Сулейманидің өлімі үшін АҚШ-тан кек қайтаруға уәде берді. АҚШ президенті Дональд Трамп америкалықтарға шабуыл жасалса, Ирандағы 52 нысанға соққы жасалатынын мәлімдеді. Әлемдік қауымдастық АҚШ пен Иранды ұстамдылық танытуға үндеп жатыр.

- Advertisement -
- Advertisement -

Stay Connected

16,985ФанатыМне нравится
2,458ЧитателиЧитать
61,453ПодписчикиПодписаться

Must Read

Қазақстанның ЖОО оқу ақысын қымбаттатуды жоспарлап отыр

Пандемия, төтенше жағдай және мұнай бағасының құлдырауы кесірінен адамдардың материалдық жағдайы нашарлап, кейбір студенттер мен ата-аналар оқу бағасын төлеуде қиындыққа ұшыраған. Білім және ғылым министрі...
- Advertisement -

«Жаным, сен мені мәңгілік сүйсің бе?» деген сөз құлағымда жаңғырып тұрды

- Жаным, сен мені мәңгілік сүйесің бе? - Әрине! - Егер мен о дүниелік болсам да сүйесің бе? - Онда бұдан да қатты сүйетін болам! Осы сөздерден соң...

Ақтөбе облысында түрме қызметкеріне белгісіз адамдар оқ атып кетті

Ақтөбе облысында түрме қызметкеріне белгісіз адамдар оқ атып кетті Ақтөбе облысында тергеу изоляторының қызметкеріне оқ тиіп, ауруханаға жатқызылды,  деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. "Мой город" басылымының мәліметінше, оқиға 20...

Елімізде 22 шілде күні 1646 адамнан коронавирус анықталды

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 76799. Қазақстанда өткен тәулікте 1646 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы coronavirus2020.kz-ке сілтеме жасап. Оның ішінде 778 адам клиникалық белгілері жоқ тасымалдаушы тіркелді. Аймақтар бойынша (жалпы/симптомсыз): Нұр-Сұлтан...

Related News

Эпидемиолог: Коронавирус адамға бейімделеді

Коронавирус адамға бейімделетіндіктен, оның ауруды тудыруы мүмкіндігі төмендейді. Алайда ауру маусымға байланысты өршуі мүмкін деп болжанып отыр. Бұл туралы Ресей Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас...
- Advertisement -

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here