Бөлісу:


Әнші Диная Айдана Меденованың күйеуімен не үшін жанжалдасқанын айтты

Осыдан бірер жыл бұрын сахнаға Ademi лақап атымен шыққан әншінің қазіргі есімі – Dinaya. Ол – “Жаңа толқын – 2015” байқауының 2-орын иегері. Сондай-ақ, Dinaya бір кездері “Индиго” тобында ән салған.

Гәкку FM радиосының “Если честно” бағдарламасына сұхбат берген Dinaya бір кездері “Индиго” тобынан не үшін кеткенін және продюсерлермен ара-қатынасы жайлы әңгімеледі, деп жазады Stan.kz.

Аталған топқа әнші Айдана Меденованың күйеуі Әлішер Нұржановтың продюсерлік ететінін айта кетейік.

“Топтан өз еркіммен кеттім. Продюсерлермен арамызда кикілжің болды. Олар әр қыз сахнаны, танымалдылықты армандайтынын біліп алған. Ондай жағдайда, қыз өзінікі жөн екенін білсе де, кешірім сұрауы керек деп ойлайды. Бұл – олардың ЭГО-сы, мен олардың ішінде комплекс бар деп ойлаймын. Мен өзімдікі дұрыс деп тұрып алдым, оны дәлелдей аламын дедім. Және мұны сабырлы күйде, ешқандай айқайсыз айттым. Дәл осы нәрсе олардың шамына тиді.

Себебі олар “мен продюсермін” деп белсенді түрде дәлелдей бастады. Мен нағыз продюсерлер олай жасамайды дедім. Мен кетіп бара жатқан тұста, олар маған “ертең костюмдерді әкеліп таста” деді. Мен жақсы, дедім. Келесі күні олар менің жеке әнші ретінде шығатынымды білгенде: “Айнаға қарадың ба өзі? Сенде асып бара жатқан ештеңе жоқ, әнді де орташа айтасың”, – деді. Мұны Әлішер айтты”, – дейді Dinaya.

Dinaya топта жүргенде ашық-шашық, тіпті іш киімсіз көйлек киюге мәжбүр болған күндері туралы да айтты. Айтуынша, ондай топ құратын продюсерлердің о бастағы мақсаты да басқа – қыздарды вокалдық жағынан таныту емес, сыртқы келбеті арқылы көңілді кештерден пайда тапқызу.

Бөлісу: