Кімдер ҰБТ-дан босатылады

Тәртіп бұзушылықтар тіркелгеннен кейін ол норма алынып тасталды.

Білім және ғылым министрлігі бұрынғы дәстүрді жаңғыртып, жоғары жетістікке қол жеткізген мектеп оқушыларын ұлттық бірыңғай тестілеуден босатуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Sputniknews.kz.

Айта кеткен жөн, 2016 жылға дейін республикалық және халықаралық олимпиада жеңімпаздары ҰБТ-дан босатылып, кез келген жоғары оқу орнына құжат тапсыра алатын. Тәртіп бұзушылықтар тіркелгеннен кейін ол норма алынып тасталды.

Загрузка...

Вице-министр Бибігүл Асылованың айтуынша, алдағы уақытта осы ынталандыру тетігін қайтару жоспарланып отыр. Алайда халықаралық олимпиадалардың нақты бір тізімі болады.

«Біз халықаралық олимпиадалардың тізімін бекітеміз. Оған шамамен он олимпиада кіреді. Сосын жаратылыстану-математика бағытына басымдық беріледі. Маңызды әрі еліміздің имиджін көтеретін олимпиадалар іріктеледі», – деді Асылова журналистерге берген сұхбатында.

Оның сөзіне қарағанда, бүгінде «Педагог туралы» заңда халықаралық олимпиада, спорттық жарыс мен конкурс жеңімпаздарын және жүлдегерлерін дайындаған мұғалімдерді ынталандыру шаралары қарастырылған. Сыйақының көлемі үш қызметтік еңбекақыны құрайды.

Загрузка...
Like this post? Please share to your friends:
Qazbrand.info
Пікір үстеу

;-) :| :x :twisted: :smile: :shock: :sad: :roll: :razz: :oops: :o :mrgreen: :lol: :idea: :grin: :evil: :cry: :cool: :arrow: :???: :?: :!: