“Ұлдары бар екен!”: Айнұр Тұрсынбаева жаңа отбасын көрсетті (Видео)

Айнұр Тұрсынбаева

Айтыскер, ақын Айнұр Тұрсынбаева бүгінде қыз-келіншектерге ақылы дәріс жүргізіп, психологиялық кеңесін айтып жүр. Әлеуметтік желі арқылы оқырмандарымен жақын байланыста. Бұл жолы айтыскер күйеуі екеуінің ара қатынасы жайлы айтты.

“Мен  жолдасыма гүлмен күтіп ал деп айтам. 8 наурыз келгенде маған сыйлық бер деп айтам. Бірнәрсе қалап тұрсам, соны алып бер деп айтам немесе ақшасын сұрап алып, өзім сатып аламын. Себебі сыйлық жасау керек екенін, гүл сыйлау керек екенін білмейді. Сіз де үйретіңіз”, – деді Тұрсынбаева.

Айтыскердің қазіргі жолдасы Нұржан Иманәлиев Жамбыл облысы Жаңатас қаласының тумасы. 1983 жылғы азамат айтыскерден 6 жас кіші. Бұған дейін Айнұр Тұрсынбаева Шамсат Исабековке тұрмысқа шыққан.

Бүгінгі жаңалықтар