Сәбетқазы Нұрсила: Адамзаттың азғындану процесі

Бұқаралық ақпарат құралдарының адамзат өмірінде теріс пайдаланғанын тарихтан білеміз… Үлкен идеалогияның бәрі БАҚ арқылы жүреді. Осы тәсілді жақсы пайдаланғандардың бірі – Геббельс еді.

Қазір технология жетілген заманда оның түрлері де көбейіп кетті. “Халықаралық экпсперт, халықаралық лобби, Шоу бағдарламалар, КВН, …PR ” т.с.с. Саусағын шошайтқанға күлетін әзіл-сықақ пен циркте велосипед тепкен маймылдар….Әншілер жүргізген бағдарламалармен алысқа бара алмасымыз белгілі.

– Оны айтып отырғаным телеарналардың бәрі осымен айналысып жатыр. Оның үлкен себебі бар. Қарны тойған халықтың көңілін табу ғана…. “ТЕЛЕАРНА ТЕЗЕК ТЕРСЕ” деген бір поста осы жайлы айтып едім. Қазақстанда Мемлекеттік және қоғам қайраткерлері жоқ па, болмаса философ пен ғалымдар құрып қалды ма? Айтатын ойы бар ақын – жазушылар неге эфирге шықпайды, – деген заңды сұрақ туындайды…

Адамзаттың азғындау процессі жүріп жатқанын сезесіздер ме, достар?!

Эволюциялық кері заңының әсерін кім өзіне сезініп отыр?!

Сәбетқазы Нұрсиланың Facebook-тегі парақшасынан

Бөлісу:


Загрузка...
Жариялағанabai.kz