Әлемдегі атақты 100 адамның тізімі

Тізімде әртүрлі салада жүрген көшбасшылар, артистер, танымал алпауыттар бар.

Биылғы жылы рейтингтің басында Гарри ханзада мен оның қалыңдығы Меган Маркл, АҚШ президенті Дональд Трамп, ҚХДР басшысы Ким Чен Ын, Сауд Арабия ханзадасы Мохаммед бин Салман, Канаданың премьер-министрі Джастин Трюдо, Қытай президенті Си Цзиньпин, Зимбабве президенті Эммерсон Мнангагва, Франция президенті Эммануэль Макрон және басқалары бар.

Сондай-ақ, Time басылымы танымал адамдарының арасынан Николь Кидман, Хью Джекман, Галь Гадот, Гильермо дель Торо, тележүргізуші Джимми Киммел, режиссер Райана Куглер, дизайнер Кристиана Сириано, суретші Джуди Чикагоны таңдап алған екен.

Атақты өнер жұлдыздарының ішінде Рианна, Дженнифер Лопез, Чедвик Боузман, #MeToo қозғалысының негізін қалаушы Таран Берк, Cambridge Analytica-ның экс-қызметкері Кристофер Вайли, дизайнер Вирджила Абло бар.
Алпауыттардың қатарына теннисші Роджер Федерер, тележүргізуші Опра Уинфри, өнертапқыш Илон Маск, Amazon негізін қалаушы Джефф Безос, архитектор Элизабет Диллер және басқалары енген.

Бөлісу:


Жариялағанbaq.kz