Ирактың Эль-Хавиджа ауданындағы қарулы қақтығыс кезінде «Сұңқар көз» және «Содырларға бағытталған аңшы» аталып кеткен Абу Тахсин ас-Салихи есімді мерген қаза тапты. Лақап атты әскери азамат террористік ұйымдарға қарсы операция басталған уақыттан бері үш жүзден аса содырдың көзін жоюына байланысты алған. Басра қаласында өткен әскеридің жаназасына әскер басшылары мен өте жақын танитын және сырттай ерлігін естіген жүздеген әскерилер қатысты. Ас-Салихи Ирак әскерінде 1973 жылдан бері қызмет етіп келген.

Kazislam.kz 

Бөлісу:


Загрузка...