Осыдан біраз уақыт бұрын үшінші рет тұрмысқа шыққан Ақбота Керімбекованың тағы да ажырасып кеткені рас па? Әнші отбасылық өмірі жайлы баяндап берді деп хабарлайды «Бақытты әйел» бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Әнші өмірінің оңайлықпен құрылмағанын алға тартты.

«Бала кезімнен бір ғана азаматқа тұрмысқа шығамын. Бір ғана адамнан балаларым болады деп армандадым. Бірақ, өмірім мен ойлағандай болмай жатыр.
Ер адамның алдына түсіп алып, бәріне өзім жүгіргенім басты қателігім сияқты. Бір жақтан ғана қателік болмайды ғой», — деген әнші «ажырастым» деп нақты айта алмайтын алға тартты.

«Әйтеуір балаларым бар. Мені сүйейтін әке-шешем бар. Әнімді іздейтін отбасым бар. Мен ертіңгі күні не болатынымды ешкім білмейді.
Отбасы болған соң, ұрыс-керіс болып тұрады ғой. Мен кезінде айтқан едім, «Осы отбасымның не болатынын да білмеймін» деп.

Мен тек бақытты болғым келді. Ажырастым деп айта алмаймын. Біраз түсініспеушіліктер болды. Бірақ, ата-енем мен қайын әпкелерімді жақсы көремін.

Ажырастым деп толық айта алмаймын. Арты не болатыны беймәлім. Өмір ғой. Ешкімді кінәламаймын.», — деп сырын ашты әнші.

Бөлісу:


Загрузка...