Алматылықтар жарықсыз қалды

Загрузка...

Бұл туралы қала әкімінің баспасөз хатшысы Әсет Мұқажанов хабарлады.

«20 қыркүйекте Момышұлы мен Рысқұлов көшелерінің қиылысындағы жаңадан салынып жатқан мейрамхана жанында жер асты жұмыстарын жүргізу кезінде Нұркент 1-2 (Атлеттер ауылы), Алмалы ықшамаудандары мен №201 мектеп пен балабақшаны электр жарығымен қамтамасыз ететін кабель зақымданған.
Соның салдарынан 5365 жеке және 44 заңды тұлға жарықсыз қалған.
Апатты жоюмен «АЖК» АҚ-ның 3 арнайы техникасы және 5 жұмысшы айналысуда. Кешкі сағат 19.00-де электр жарығы қайта берілетін болады», – деді баспасөз хатшысы.

caravan.kz

Загрузка...
Like this post? Please share to your friends:
Qazbrand.info
Пікір үстеу

;-) :| :x :twisted: :smile: :shock: :sad: :roll: :razz: :oops: :o :mrgreen: :lol: :idea: :grin: :evil: :cry: :cool: :arrow: :???: :?: :!: