ШҚО-да қардың қарқынды түрде еруінің салдарынан  ұзындығы 2 шақырым болатын шұңқыр пайда болды.

Бұл туралы AltayNews порталына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Бір ай бұрын ғана жол болған жерде қазіргі уақытта ұзындығы 2 шақырым болатын үлкен шұңқыр пайда болған. Шұңқырдың тереңдігі 6 метр болса, ені 4-5 метрді құрайды.

Ендігі шаруашылық басшысы Анатолий Петрович Матасов техниканың егін алқабына қалай жететінін ойлап дал болуда. Ол сол маңнан ойылып кетуге шақ қалған тағы бір жерді көрсетті. Айтуынша, күнбағыс өсімдігінің тамыры жерді ұстап қалып, жерді ойылуына мүмкіндік бермеген.

ШҚО-да жер жарылып, ұзындығы 2 шақырым болатын шұңқыр пайда болды (фото)

Қазіргі уақытта Матасов екі бульдозердің көмегімен шұңқырды толтырып, жауып тастауға тырысып жатыр. Алайда оған біршама уақыт қажет болатыны анық.

ШҚО-да жер жарылып, ұзындығы 2 шақырым болатын шұңқыр пайда болды (фото)

Ал жергілікті тұрғындар көктемгі ауа райына қайран қалып, жаз мезгілінің қолайлы болатынынан үміттенуде.

Бөлісу:


Загрузка...