Құдай үйін қорлады: Жамбыл облысында мешітке шабуыл жасалды 

Қордай ауданындағы Қайнар ауылында біреу Құдай үйінің астаң-кестеңін шығарып кеткен.

Бұл бейнекөрініс әлеуметтік желіде кең тарады. Түсірген адамның айтуынша, басбұзар қасиетті ғимаратты әбден қорлаған. Яғни, мұндағы есік-терезелер мен мүліктердің түгін қалдырмай шашып, қиратқан. Тіпті, киелі Құранды «аяққа таптады» деген күдік бар. Ал осы бұзақылыққа барған күнәһар сол Қайнар ауылының тұрғыны болып шықты. Ұсталған 43 жастағы азамат өзінің мас болғанын айтып ақталған. Ол осы әрекеті үшін әкімшілік жауапқа тартылып, үш күнге қамауға алынды.

Ілмексөз: мешітке шабуыл, мешітке басып кіру, мешітке жасалған қорлық

 

Бөлісу:


Загрузка...
Жариялағанwww.ktk.kz