Танымал бизнесмен Мұхтар Шахановтың пәтерақы қарыздарын төлеп беретін болды

Кәсіпкер, Алматы қалалық мәслихатының депутаты Қайрат Құдайберген танымал ақын әрі қоғам қайраткері Мұхтар Шахановтың коммуналдық қызметтерге жиналып қалған қарызын және алдағы бір жылдық шығындарын төлеп беретін болды. Бұл туралы ZTB-ға кәсіпкердің өзі айтқан. 

Еске сала кетейік, осыдан бірнеше күн бұрын ақын Мұхтар Шаханов TalkLike бағдарламасына берген сұхбатында бірнеше айдан бері пәтерақыны төлей алмай отырғанын жеткізген еді.

Соның салдарынан қарыз қордаланып қалған. Өйткені Шахановтың айлығы — небары 130 мың теңге, сол ақшаға ол туыстарын да асырап, отбасын да бағып отырғанын айтқан еді.

Сұхбат барысында ақын туыстарына көмектесуді өзінің парызы деп санайтынын да жеткізді.

Бөлісу:


Загрузка...
Жариялағанwww.matritca.kz