Лас-Вегаста атыс жасаған 64 жастағы Стивен Пэддок есімді ер адам мультимиллионер болған. Бұл туралы оның ағасы Эрик Пэддок айтты деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Fox News-тің мәліметіне сәйкес, Стивен Пэддок байлыққа жылжымайтын мүлікке инвестиция құю арқылы қол жеткізген.

Естеріңізге сала кетейік, 2 қазанда мультимиллионер қонақ үйдің 32-ші қабатынан адамдарды атқан. Ол уақытта фестиваль өтіп жатқан. Соңғы мәліметтерге сәйкес, 58 адам көз жұмды, 515 адам жарақаттанды.

Стивен Пэддок полиция келгенше өзіне қол жұмсады.

Бөлісу:


Загрузка...